
Сұхбат • 16 Қазан, 2024
Ұлттық спортты ұйыстыру – елдік мақсат
Апта бойы Арқа төсін дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары ұлттық спорт түрлерін дамытуға серпін беруге тиіс. Думаны тарқағанымен де, дақпырты бәсеңдемейтіні анық. Этноспорт аламанының бас төрешісі Тастанбек ЕСЕНТАЕВПЕН сұхбатымыз төрткүл әлемнің назары ауған дода төңірегінде өрбіді.
Ұлттық спорт • 15 Қазан, 2024
«Қазанат» дүбірге бөленген күн
Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорт түрлерінен фестиваль өтті. 25 қазан – Республика күні мен мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыстың жалпы жүлде қоры – 32 миллион теңге.
Байқау • 15 Қазан, 2024
Қостанайда ұлт ұстазы, қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы һәм реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының рухына арналып қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
Футбол • 15 Қазан, 2024
Футболдан ұлттық құрамамыз УЕФА Ұлттар лигасындағы кезекті матчын өткізіп, Словения құрамасына есе жіберді. Алматының Орталық стадионында өткен ойын тағы да көп кемшілікті танытты.
Сұхбат • 11 Қазан, 2024
«Ұлы дала жорығы» жалғасын табады
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қарсаңында, 3–5 қыркүйек аралығында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Жылқы тұқымының «ертеден шапса кешке озған» төзімдісін анықтайтын далалық лабораторияға айналған ат спортының жаңа түрі әлемнің 10 мемлекетінен қатысқан шабандоздарды біріктірді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода туралы республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан ТҰРЛЫБЕКОВТЕН сұрадық.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Былтырдан бері елімізде қандастарды шоғырландырып, мемлекеттің экономикалық ахуалының нығаюына серпін беру бағытында «Ата жолы» картасы енгізілді. Ілкімді жоба аясында елуден астам қандасымыз атажұртқа табан тіреп, ел өміріне, қызу еңбекке белсене араласып кетті. Ресей, Қытай секілді көршілес елдерден ғана емес, АҚШ, Еуропа елдеріндегі қандастарымыз да карта алуға ықылас танытып отыр.
Кәсіпқой бокс • 05 Қазан, 2024
Жәнібек әлем чемпионы атағын қорғады
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. WBO һәм IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғаған жерлесіміз жаңазеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті.
Сұхбат • 02 Қазан, 2024
Бақтықожа Ізмұхамбетов: Қарты бар елдің қазынасы ортаймайды
«Ауылыңда қария болса, жазулы тұрған хатпен тең». Қоғамның ақылманы саналатын ақсақалдардың мемлекеттік мұрат-мүдденің сын сәтінде арқалайтын аманаты қашанда ауыр. Қазыналы қарттардың қамшылауы, демеуі, пана болуы кейінгі толқынға қажет. Елдегі бірегей ұжым саналатын «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовпен әңгімеміздің желісі де қазыналы қарттар арқа сүйейтін ұйымның тыныс-тіршілігі төңірегінде өрбіді.
Бокс • 28 Қыркүйек, 2024
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (World Boxing) Олимпиадалық комиссиясына да төрағалық ететін болды. Мұны ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім етті.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2024
Футзал: Әлем чемпионын ығыстырды Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасы ширек финалға шықты. Асу берместей көрінген, арпалысқа толы тартыста әлем чемпионы Португалия ойыншыларының тауанын талқан етіп, еліне қайтарды.