
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
«Кездессең ұрлана қараймын, асаудай тулайды жас жүрек...», деп «Жас қалам» әнін шырайын кіргізіп шырқайтын Арқаның аяулы әншісі Сейіл Аяғановтың орны, өкінішке қарай, ойсырап тұр. Жақында ғана сұлу әнге адалдық танытып өткен өнерпаздың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Дарқан дала қалалықтар үшін дастарқанын жайды. Жылда берекелі күз уағында көп шаруа артынып-тартынып ауылдан келеді. Дәстүрлі өтетін «Ауыл – береке» атты жәрмеңке биыл да жалғасын тапты. Алғашқы жәрмеңкеге барған жұрттың қарасы да қалың. Ауыл дәмін сағынғандар үшін бұл да болса, бір той.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Өртке қарсы өжеттік таныту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол үшін де құтқарушы – мықтылар таңдайтын мамандық. Күн-түн демей, басын қатерге тігіп, тілсіз жауға, түрлі жағдайға қарсы аттанатын олар құрметке шынымен лайықты. Осы бір салада отыз жыл бойы еңбек етіп жүрген балқаштық Дәулет Долбаев та көп адамға екінші өмір сыйлаған.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Сенбі күні Шет ауданында «Талды – өркениеттер тоғысында» атты халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтті. Алғаш осы төңіректе қазба жұмыстары жүргізіліп, түрлі жәдігер табыла бастағанда бір топ тарихшы осында тарихи-археологиялық парк құруды ойластырған еді. Сол аспан астындағы мұражайда өткен өзекті басқосуға алыс-жақыннан меймандар келді. Әуелі шетелден келген ғалымдардың қатысуымен өткен конференцияда аталған аумақта жүргізілген зерттеу жұмыстары һәм алдағы жоба-жоспар талқыланды. Онымен қоса, қола балқыту, қыш құмыра жасау, ұлттық киім түрлерін тігу және ұмыт бола бастаған қазақ тағамдарын әзірлеу секілді этножұмыстарға елдің ықыласы ерек болды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Көгілдір отын Қарағандыны көк түтіннен құтқарады. Әйтпесе, дәп күздің қара суығынан бастап Қарағанды аспанын қою қара түтін басады. Енді бұйырса, бірер жылда қаланың көзі ашылып, тынысы артады. Көшеге тартылған газды тұрғындар үйіне кіргізіп алудың қамын жасап жатыр. Жергілікті билік пайызсыз несие, әлеуметтік көмек қарастырып қойған.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Қарағандыда дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық дәстүрлі мүшәйра өтті. Мүшәйра шарты бойынша өлеңдер 20-35 жас аралығындағы ақындар арасынан іріктеліпті.
Ауыл • 16 Қазан, 2023
Көп ауылды елшіл азаматтар аман алып қалып отыр. Әйтпесе, шалғайда қараусыз қалған елді мекен көп. Дәл осындай Нұра ауданына қарасты Тікенекті ауылындағы тоғызжылдық мектептің есігіне қара құлып салына жаздады. Рамазан Әбілдин бастаған ауыл атқамінерлері әр өңірден он отбасы көшіріп әкеліп, елінің керегесін кеңейтіп отыр. Игі іс өз жемісін берді. Көшпен бірге мектепке бала келді, мұғалім келді.
Өнер • 15 Қазан, 2023
Ауылдан ұзамай-ақ салған әні алты қырдан асқан, шерткен күйі шебер шығатын небір дарын өнерді өлтірмей, өрістетіп отыр. Әйтпесе Құдай берген талантымен танылып кететіндей қауқар жоқ емес оларда. Ақтоғайда тұратын тоқсанға толып қалған Күлмара Рахымбекқызы – көненің көзі, шебер күйшінің өзі. Атақты Аққыз күйшінің төл шәкірті. Құдай қуат берген. Алтын құрсағынан тараған ұл-қыз бір рулы елге айналғалы тұр.
Аймақтар • 11 Қазан, 2023
Көк түтінін будақтатқан ескі қоғамдық көліктерді қаладан таппайсыз қазір. Кешегі күнге дейін тозығы жеткен автобустар жолаушы тасымалдап келген. Кейінгі уақытта тіпті қала тұрғындары қынжылыс білдіріп, әлеуметтік желіге фото-видеоларын жүктеп кеткен еді. Енді ұмыт бола бастады. Қазір Қарағандыда жаңа автобустар жүйткіп жүр. Маусым сайын қаланың автопарктері жаңарып жатыр.
Ауыл • 11 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ет, сүт, астықты терең өңдеу және жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдық бере отырып, сапалы өнімді тұрақты ұсына алатын кәсіпорындарды қолдауды тапсырғаны белгілі. Сондай әлеуетті шаруашылықтар шоғыры Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан. Елорданың азық-түлік белдеуіндегі астықты ауданда қазір қызу науқан. Күзгі жиын-терім жұмыстары қауырт жүріп жатыр. Алқаптағы егін орағы, жемшөпті жинау аяқталуға таяу. Ауылдағы ағайынның алаң көңілі де орнына түсе бастаған.