Білім • 11 Маусым, 2024

Жаңа оқушылар сарайы

40 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жас ұрпақтың сапалы білім алуымен қоса, жан-жақты дамып жетілгені келешек үшін аса маңызды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назар аударып отырған мәселесі. Осы мақсатта Қарағандыда «Кәусар» оқушылар сарайы есігін ашты.

Жаңа оқушылар сарайы

Судай жаңа оқу­шы­лар сарайы қа­ла­ның При­шах­тинск­ аумағынан ашылды. Енді, осы аумақта тұра­­тын бүлдіршіндер роботтех­ни­ка, VR сәулет өнері секілді үйір­ме­лердің түр-түріне қаты­сып, та­ны­мын кеңейте алады. Мұның ар­қа­сында балалар қала орта­лы­­ғы­на қатынамай-ақ, өздеріне жа­­қын жердегі жаңа орталыққа барады.

Қаланың При­шах­тинск аума­ғында 12 мек­теп бар. Мұнда 8 мыңға жуық оқушы білім алады. Күн сайын оқу­шы­лар сарайына 600-ден астам бала мен жас­өспірім кел­мек.

Балаларға арналған жаңа ғи­ма­­­ра­т­­тың жалпы ауданы 3 мың шар­­­шы метр­ді құ­райды. Болашақ ин­же­нер­лер үшін HI-TECH цех, STEM зерт­ханасы, Іntellectum студиясы бар. Шы­ғармашылық да­рындылар үшін Art-және музы­­калық студиялар құ­рылды. Сәби­лерге ерте даму каби­нет­тері жа­сақталған. Сондай-ақ жас эко­­логтерге арналған орта­лық та бар. Тіпті теле­студия, медиа ор­та­лық жаб­дық­талған. Кон­церт­­тер, конкурстар, жа­рыс­тар өт­кізуге болатын үлкен акт за­лы­­­мен қатар, коворкинг алаңы да жұмыс істеп тұр.

Мұнымен қоса, мүмкіндігі шектеулі балаларға да барынша жағдай қарас­тырылған. Сенсорика және моториканы дамытуға арналған көптеген құрылғы бар. Мысалы, ауа-көпіршікті колба көру мен естуді, тактильді сезімдерді жетілдіреді. Құрғақ душ баланың еркіндігін дамытуға арналып, босаңсуға арналған, оның көмегімен бала жаңа түстерді қызықты түрде есте сақтай алады. Инклюзивті білім беру үшін де барлық жағдай жасалған. Жұмысқа бірден логопед пен психолог қабылданған.

«Кәусар» оқушылар са­райы­ның ашы­луында сөз алып, бал­дыр­ғандарды мерекесімен құт­­тық­­таған облыс әкімі Ермаған­бет Бөлекпаев алдағы уақытта Майқұдықтан да осындай сарай саламыз деді.

– Сіздердің жан-жақты даму­ла­ры­ңыз үшін бар жағдайды жасауға тырыстық. Мұнда IT-технология, инженерия, роботтехника, VR-сәулет және веб-дизайн, сондай-ақ басқа да көптеген заманауи бағыт бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Әрқайсысыңыздың бола­шағыңыз үшін сапалы білім алуға мүм­кін­дік болғанын қалаймыз. Бұл жерде сіз­дерге жаңа достар табуға, оқуға, ізденуге мүмкіндік көп, – деді аймақ басшысы.

Биге баратын Софияның анасы Татьяна Рихтер оқу­шылар сарайының қыз­дарын тағы бір үйірмеге жазбақшы.

– Қаланың ірі бөлігі­нің бірі Пришах­тинскіде бұрын мұн­дай Оқушы­лар сарайы бол­ған жоқ. Балалар үйірмеге қа­ты­су үшін орталыққа автобус­пен қатынайтын. Халық тығыз орна­ласқан ауданда ұзақ уақыт кеп­те­лісте тұратын. Енді, міне ашық ауада түрлі шара­лар өт­кізуге болады. Оқушы­лар сарайының айна­ласы абаттандырылған. Футбол ала­ңы, тренажерлер орнатылды. Балалар да, ата-аналар да жаңа сарай­дың ашылуына бек қуа­ныш­ты. Қызым София 4,5 жаста. Біз хореография­мен айналысуды жоспарлап отырмыз және тағы бір шығармашылық үйірмеге жазылғымыз келеді, – дейді аудан тұрғыны Т.Рихтер.

Осындағы мектепте 10-сынып­ оқи­тын Рамазан Оразалы бір­неше рес­пуб­ликалық және ха­лық­аралық ән кон­курстарының же­ңім­пазы. Жас өнерпаз енді оқу­­шы­лар сарайына келіп, шығар­­­м­­а­шы­лығын әрмен қарай шың­да­мақ ниеті бар.

– Оқушылар сарайында бала­ларға барлық жағдай жа­сал­ған. Әрі қарай ән өне­рі­мен осында айна­лысқым ке­леді. Бұл сарайдан көптеген та­лант шығарына сенім­ді­мін, – дейді өнерлі жас өрен.

Сарайдың ашылуында мере­­келік бағдар­ламалар ұйымдастырылып, спорттан түрлі жарыс өтті.

 

Қарағанды облысы