Ерекше жағдай ретінде тек «Достық» және «Алтынкөл» теміржол өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Жабылатын автокөлік өткізу бекеттері:
- «Бақты» (Абай облысы),
- «Майқапшағай» (Шығыс Қазақстан облысы),
- «Достық» және «Нұр Жолы» (Жетісу облысы),
- «Қолжат» (Алматы облысы).
Қытаймен шекара арқылы өтуді жоспарлаған азаматтарға, соның ішінде туристер мен тасымалдаушыларға уақытша шектеулерді алдын ала ескеру ұсынылады.
Айта кетейік, Цинмин мерекесі – қайтыс болғандарды еске алу күні, биыл 5 сәуірге сәйкес келеді. Бұл Қытайдағы дәстүрлі мереке, адамдар қайтыс болғандарды еске алып, ата-бабаларына құрмет көрсетеді. Мерекелік демалыс күндері адамдарға жұмыстан және оқудан аздап демалып, белсенді демалысқа және көрікті жерлерге баруға мүмкіндік береді.