Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Еңбек • 29 Қараша, 2023

Ерекше жандардың еңбегі

«Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар сабақтастығы» секілді бағдарламалар жұмысмен қамту жұмыстарына серпін беріп жатыр. Бұған қоса 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба да – жұмыссыздықты жоюға күш.

Еңбек • 27 Қараша, 2023

Іс бастағанға – ілкімді қолдау

Қарағанды облысында биыл 14 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды. Бұған қоса бизнесті дамыту аясында биыл 180-ге жуық грант беріледі. Мемлекеттің қолдауын сезінген жас кәсіпкерлер жобаларын жемісті жүзеге асырып жатыр. Мәселен, Қарағанды қаласында виртуалды курс ашылды. Ол жерде оқушылар физика, химия, анатомия, биология және басқа да пәндер бойынша қосымша білімін жетілдіреді. Сондай-ақ дастарқан, майлық, сүлгі, халат тігетін цех та өз өнімдерін нарыққа шығарып отыр.

Жұмыс • 24 Қараша, 2023

Малшы табу – машақат

Бақташы табу фермерлердің бас ауруына айналғалы қашан? Рас, мұның ең бір себебі – атакәсіптің кейінгі кезде абырой-беделі түсіп кеткендігінен. Еңбекақының аздығы да аталған мәселені ушықтырып тұр.

Мәдениет • 22 Қараша, 2023

Әуеледі дәстүрлі ән

Кеншілер мәдениет сарайында қазақ классикалық әнінің өкілі, республикалық байқаулардың лауреаты Ришат Шәбденовтің «Халқымның қалықтатсам ән мұ­расын...» атты ән кеші өтті. Ришат шынымен де халық әнінің Арқадағы үлкен өкіліне айналған өнер иесі. Сонымен бекзада өнерді тамашалауға келген тал­ғампаз тыңдарманның қарасы қалың болды. Осыдан-ақ, кештің келісті өтетінін аңғар­ғанбыз. Онымен қоса, қазақ әнінің жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев кешке құрметті қонақ ретінде қатысты.

Өнер • 22 Қараша, 2023

Тәлімді кеш

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков 75 жасын сахна төрінде қарсы алды. Сәкен театрында белорус драматургі Алексей Дудараевтың «Кеш» қойылымын сахналады.

Аймақтар • 21 Қараша, 2023

Шағын жәрмеңке шарапаты

Таяуда Теміртаудағы «Экспресс» базарында шағын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Онда Бұқар жырау, Осакаров аудандарының шаруашылықтары әкелген мал мен құс, бау-бақша өнімдері қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға саудаланды. Осылайша, қысқы азығын қамдап алған қала жұрты шағын жәрмеңкенің шарапатын сезінді.

Өнер • 21 Қараша, 2023

Қарағанды қарашығындағы қараша

Жақында Қарағандыда ерекше поэтикалық кеш өтті. Несімен ерекше десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқығанымен қоса, ақындар кешті әнмен әрледі. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.

Өнер • 20 Қараша, 2023

Толағай кеші

Ән өнерінің Толағайына ай­нал­ған Илья Жақанов Арқаға келді. «Шалқыма» концерт залында өткен «Толағай» атты шы­ғармашылық кешінде сазгердің әндері шарықтады.

Поэзия • 17 Қараша, 2023

Қарағанды қарашығындағы қараша

Қарағандыда қала әкімдігінің қолдауымен тағы да поэтикалық кеш өтті. Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек. Несімен десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқылғанымен қоса, ақындардың жартысы ән шырқады. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.

Еңбек • 16 Қараша, 2023

Тракторшы келіншек

Шет ауданы, Жоғары Қайрақтыға қарасты Майбас қыстағында Арайлым есімді келіншек трактор тізгіндеп, шөп шабады. Онымен қоса, үйіндегі шаруасын да шашау шығармай өзі атқарады. Күнделікті тамағы, сауатын сиыр-биесі бар, тартатын сүті, шайқайтын майы, жаятын құрты бар дегендей...