
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023
Қарағандыда жылуды әне-міне қосқалы тұрғанда үшінші жылу электр стансасында апат болды. Абырой болғанда, күн жылылау кезде істен шықты. Әйтпегенде, кеншілер астанасы Екібастұздың кебін киер ме еді? Апат кесірінен Қарағанды 3-4 сағатқа жарықсыз қалды. Облыс орталығынан бөлек, қала, аудандарда электр қуаты өшті. Ал алдыңгүні қатты жауыннан соң, Қарағанды көшелері көлге айналды. Екі күннен бері қарағандылықтар әрі-сәрі күйде.
Еңбек • 26 Қыркүйек, 2023
Түрмеде де түрлі кәсіп игеруге болады
Түрмеде жазасын өтеп жатқандар да кәсіпорында жұмыс істеп, жалақы алады. Қазір тіпті, колледжде оқып, арнайы мамандықты да игереді. Жақында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №30 мекемесінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мекеменің кәсіпорын аумағындағы өндірістік әлеуетті арттыруды көздейді. Сол арқылы сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесі ойластырылған.
Сайлау • 26 Қыркүйек, 2023
Әкім сайлауы: партиялар кандидат ұсынуды бастады
Алда тағы бір маңызды саяси науқан келе жатыр. Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау уақыты жақындап қалды. Саяси партиялар өз кандидаттарын ұсына бастады. Қарағанды облысының екі ауданына Қазақстан халық партиясы да екі кандидатты таңдап, біреуінің құжатын сайлау комиссиясына тапсырды.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Жасынан еңбегімен еңсе тіктегендердің бірі – Есболат Қарпықбаев. Күн ертеден қара кешке дейін автобус тізгіндеп жүргеніне он жылдан асты. Бүгінде Қарағандыдағы №3 автопарктің еңбек өтілі ең көп жүргізушісінің бірі.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Ертеде кеншілердің жеті қат жер астына түсерде үйімен қоштасып шығатынын білемісіз? Бірақ қазір де шахтадағы қауіпсіздіктің сын көтеріп тұрғаны шамалы. Осы бір сәтті кеншілер отбасы жан-тәнімен түсінеді. Үйінде қалған жандар кенші ағасының, я болмаса әкесінің, баласының жер бетіне аман шыққанын тілеп отырады. Қанша қатермен бетпе-бет келеді, қауіптен аман қалады. Әрі қарай жұмысын жалғастырады. Еңбек те, ерлік те – бұл.
Күрес • 22 Қыркүйек, 2023
Қарағандылық балуан Болат Сапардың болашағынан бапкерлері зор үміт күтеді. Күні кеше Доминикан Республикасында өткен жағажай самбосынан ІІІ әлем чемпионатында екінші орын иеленіп, ел мерейін үстем етті.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Шахтадағы өрт: кінәлі – «Арселор»
Бес кенші қаза болған «Қазақстан» шахтасындағы өрт естеріңізде болар. Жедел құрылған Үкіметтік комиссия тобы күні кеше қайғылы оқиғаның тергеп-тексеру қорытындысын жария етті. Апат кезінде пайдаланылған құрылғыларға, жабдықтарға тиісті сараптама жүргізген еді. Сараптама нәтижесіне сәйкес кінәлі – жұмыс беруші. Алпауыт «АрселорМиттал Теміртау». Өрттің басты себептерінің бірі – конвейер таспасының тұтануы. Көмір конвейерінің шығыршығы деформацияға байланысты қарысып қалғандықтан, таспа үйкеліп, көмір тұтанып, өрт шыққан. Бұл таспаны мемлекеттік стандарт бойынша елімізде қолдануға болмайтын көрінеді. Әлгі таспаңыздың Үндістанның бір зауытында жасалғанымен қоса сертификаты жоғы тағы бар.
Ғылым • 20 Қыркүйек, 2023
София Дасаева мен Лейла Нұрлыбаева есімді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кезекті рет олжалы болды. Solve for tomorrow 2023 республикалық әлеуметтік жобалар байқауында екінші орынға ие болып, 2,5 млн теңге көлемінде грант алды.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Балалар әдебиетін дамыту өскелең ұрпақ үшін керек. Кейінгі ұрпақтың тіл ұстартып, кітап оқуға деген құштарлығын арттыру да аса маңызды. Осы мақсатта Қарағандыда «Бүлдіршінге жыр арна» атты әдеби-байқау өтті.
Білім • 20 Қыркүйек, 2023
Өңірде мұғалім тапшылығы әлі бар. «Teach for Qazaqstan» жобасы қолға алынғалы бері, бұл мәселе ретімен жолға қойылып келеді. Жоба игілігін көрген алғашқы отыз түлек облыс мектептеріне жұмысқа орналасты.