
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Әділет саласының сандық жүйеге көшуі азаматтардың құқықтық қызмет алуын оңтайландырды. Мәселен, сала министрлігі «DigitalJustice» жобалар портфелін іске қосқалы Қостанай облыстық Әділет департаменті қаржы және уақыт шығынын үнемдеп, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалануға қол жеткізіп отыр.
Экспорт • 12 Ақпан, 2025
Қостанай ірімшігі Еуропаға экспортталады
Өңірге жұмыс сапарымен келген Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанайдағы бірнеше өнеркәсіп орнына барды. Министр облыс орталығындағы Индустриялық аймаққа ат басын тіреп, «КІА» зауытының құрылысымен, «KamLitKZ» шойын құю зауытының өндірісімен танысты. Одан кейін «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасына, сүт өнімдерін шығаратын «Милх» серіктестігіне бас сұқты.
Шаруашылық • 07 Ақпан, 2025
Мал шаруашылығындағы маңызды мәселе
Қостанайда БҰҰ құзырындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) өкілдері ветеринар мамандардың біліктілігін жетілдіруге арналған тренинг өткізді. Мал дәрігерлері алдымен ірі қарада кездесетін қауіпті індетті анықтайтын сынаманы алудың заманауи талаптары туралы дәріс тыңдады.
Қоғам • 07 Ақпан, 2025
Санай қарияның Баян-Өлгейге барып қайтамын дегенін балалары құп көре қоймаған. Кейінгі кезде онсыз да әлсін-әлсін төсек тартып қала беретін үлкен кісіні дәл осы күйде ешқайсының алыс сапарға жібергісі жоқ.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2025
Арман Шаққалиев Қостанайға жұмыс сапарымен барды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанайдағы бірнеше өнеркәсіп орнына барды. Алдымен облыс орталығындағы Индустриялық аймаққа ат басын тіреген министр 2023 жылы іргетасы қаланған «КІА» зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 06 Ақпан, 2025
Қостанай қаласының тұрғыны Асқар Тойғановтың үйінде осыдан 300 жыл бұрын қашалған қобыз сақтаулы тұр. Бойында бірнеше ғасырдың үні тұнып жатқан қыл қобыз қарағайдан бүтіндей шабылып жасалған. Мойны мен шанағы тұтасқан тұсы мен басы жез таспамен қапталған.
Оқиға • 05 Ақпан, 2025
Санитарлық авиация ұшағы әуежайға жетпей қонуға мәжбүр болды
Бүгін қатты боранның салдарынан Қостанайдан Арқалыққа ұшып бара жатқан «АН-2» санитарлық ұшағы әуежайға жетпей қонды. Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерге қонған ұшақта екі ұшқыш, екі дәрігер – барлығы төрт адам болған.
Қоғам • 01 Ақпан, 2025
Арамызда қазіргі қоғамның қалпын аңдап, елдің ертеңі үшін алаңдайтын кәсіпкерлер де бар. Мәселен Рудныйда бірнеше көпқабатты тұрғын үй тұрғызып жатқан «QC Нolding» құрылыс компаниясының басшысы Нұралхан Әмірханұлы өткен жылдан бері көпке өнеге боларлық өрелі жол бастап, балаларды кітап оқуға баулып жүр.
Көрме • 29 Қаңтар, 2025
Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылында «Шекарасыз кітапхана» атты ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында ауыл кітапханасында бас қосқан тұрғындар түрлі мазмұндағы кітап көрмелерін тамашалап, әдебиет әлеміне қатысты танымдық ойындарға қатысты.
Мектеп • 21 Қаңтар, 2025
Қостанайда бір күнде екі бірдей жайлы мектеп пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары бой көтерген «Береке», «Аэропорт» шағын аудандарында ашылған білім ордаларында 2100 бала қазақ тілінде білім алатын болады.