Қылмыс • Бүгін, 14:53

Қостанай облысында заңсыз ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Жангелдин ауданында браконьерлік жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Полиция олардың автокөлігінен  заңдастырылмаған мылтық, жануардың қылшығы жабысқан пышақ тапқан. Сондай-ақ, жақын маңнан оққа ұшып өлген ақбөкеннің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында заңсыз ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды

Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.   

«Оқиға «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді. 20 қазаннан 19 қарашаға дейін ел көлемінде өтіп жатқан іс-шара барысында тек Қостанай облысының өзінде 800-ге жуық рейд өткізілді.

Нәтижесінде 150 құқықбұзушылық анықталды, оның 78-і – аңшылық ережесін, 28-і – балық аулау тәртібін бұзуға қатысты. Браконьерлерге қарсы күрес жалғасады. Ал еліміздің табиғи байлығына қол сұққан әрбір адам заң алдында тиісті жазасын алады», деп мәлімдеді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар