Өндіріс • Бүгін, 00:25

Құсмұрында вагон доңғалағын жөндейтін шеберхана ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Құсмұрын стансасында вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізетін жаңа шеберхана іске қосылды. Аталған шеберхана  «Astana Railway Services» серіктестігінің филиалы болып саналады, деп жазады Egemen.kz.

Құсмұрында вагон доңғалағын жөндейтін шеберхана ашылды

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне темір жол саласының қызметкерлері, «Astana Railway Services» ЖШС директоры Аманбай Айтжанов, Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов қатысты.

«Жоба теміржол саласын жаңғырту стратегиясы аясында іске асырылып отыр. Жаңа шеберхана өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Президент өз Жолдауларында инженерлік-техникалық кадрларды қолдаудың, өндірістік мамандықтарды дамытудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызды екенін бірнеше рет атап өтті. Темір жол торабы үшін аса маңызды бұл шеберхананың іске қосылуы – мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Мұнда жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс істеуге, кәсіби білімін жетілдіруге жағдай жасалған», деді Аманбай Айтжанов.

Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов аталған жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды екенін айтты.

«Мұндай өндіріс орындары өнеркәсіптің дамуына, жұмыс орындарының көптеп ашылуына және ауыл тұрғындарының тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді. Жаңа жұмыс орындары, тұрақты табыс және инфрақұрылымға салынған инвестициялар тікелей халық өмірінің сапасына әсер етеді», деді әкім.

Арнайы жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған шеберхана жылына 4 жарым мыңға жуық вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізе алады.

Қостанай облысы