
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2024
«Ауыл аманаты» жобасы аясында былтыр облыста құны 3 млрд теңге болатын 406 өтінім мақұлданған. Іспен айналысқысы келетін елдегілердің қомақты шаруаны бірден бастап кетуге шамасы келе бермейді. Осыдан да өңдеу, кооперативтерді дамыту, егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жоба ауыл халқының қолайына жағып тұр.
Тағзым • 11 Мамыр, 2024
Майдангерлердің 9 мамырға арналған шеру сапындағыларға күн салып қарап отыратыны кеше ғана сияқты еді. Сәлден кейін қаз-қатар тізіліп барып, соғыстан қайтпай қалған қаруластарының есімі қашалған тасты аялай сипап, жанарлары жасаурап тұратын. Бүгінде Сыр өңірінде соғыс соқпағын басып өткен осы қарт майдангерлердің төртеуі ғана қалыпты. Солардың бірі – Әбдірахман Бәйтіков.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2024
Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты былтыр Қызылорда облысында мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру үшін 366 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделгені жайлы ақпарат жариялады. Бұлардың басым бөлігі білім беру саласында болып тұр. Осы қатарда мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік қорғау, қызмет көрсету нысандары да бар.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2024
Жұрт ұсынысы жұмысты жүйелейді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті мамандармен, жұртшылықпен кездесті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен министр кездесуінде денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері мен өзекті мәселелері сөз болды.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2024
Осы күні жоба дайындап, әр салада жаңалық ашып жүрген мектеп оқушылары аз емес. Мысалы, Қазалы ауданындағы №165 орта мектепте «Жасыл мектеп» бастамасы аясында түрлі идея туындап, оқушылар сол арқылы экоөнімдер шығаруға ден қойған.
Еңбек • 30 Сәуір, 2024
Кеңес одағы «қайта құру» деп ұрандатып жатқан 1985 жыл еді. Жетпіс жыл елді билеген жүйені жаңартады деген әлеуметтік-экономикалық саясаттың соңы қайда апарып соғарын білмесе де, жұрт соған имандай сенді. Бірақ сол қайта құруыңыздан да қайран болмай, одақ іргесі сетіней бергені де есте. Дәл осы жылдары 6 баланың анасы Тогус Абдуллаева жалақы алып жүрген жұмысын тастап, құрылыс саласына келді.
«Таза Қазақстан» • 26 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңірдегі «Киелі мекен» апталығын түйіндеген облыстық сенбілікте аймақтағы тарихи орындар, ескерткіштер айналасы абаттандырылды. Облыс орталығында сенбілікке 2 570 адам қатысып, 500 текше метр қоқыс шығарылды.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Саланы цифрландырудың алғашқы қадамы
Сырдария ауданында биылғы егілер күріштің алғашқы дәні себілді. Осыған байланысты аудандағы «Мағжан және К» ЖШС-ның Н.Ілиясов аулындағы егіс алқабында «Дала күні» семинар-кеңесі ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек ерлері Абзал Ерәлиев, Имамзада Шағыртаев, шаруа қожалықтары өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Облыс орталығындағы Жаппасбай батыр көшесі бойынан салынған көпқабатты үйден 150 отбасыға пәтер кілті табысталды. Жұртшылықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тілек қосқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықты баспанамен қамту Мемлекет басшысының назарында тұрған мәселе екенін атап өтті.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Арал аудандық білім бөлімі мамандары Қазалыдағы теміржол бекетінен Батыс Қазақстан облысынан келген 103 баланы қарсы алып, «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына орналастырды.