Аймақтар • Бүгін, 12:57

Қызылорда облысында 313 мал иесі жауапкершілікке тартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күре жолға шығып кеткен мал талай апаттың себебі болып отырғаны жасырын емес. Жыл басынан бері облыс аумағында осындай себеппен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам түрлі жарақат алыпты.

Қызылорда облысында 313 мал иесі жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс жолдарында осында оқиғалардың алдын алатын профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 шешіміне сәйкес өңірде мал жаю қағидаларын бекіту туралы ереже әзірленген. Осы ереже мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 408-бабы талаптарына сәйкес полицейлер қараусыз жайылып мал иелеріне қатысты әкімшілік жазалар қолданып жатыр. Жыл басынан бері 313 мал иесі жауапкершілікке тартылыпты.

Полицейлер әсіресе күре жолдың бойына баса назар аударып отыр. Арнайы өткелдерден бөлек автомобиль жолдары арқылы мал айдап өткендерге әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертіп келеді. Көлік жүргізушілері де түнде елді мекендер жанынан өткенде қырағылықты күшейтіп, жылдамдық режимін сақтауы қажет.