Қоғам • Бүгін, 07:50
Жыл тоғысында жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы тағы бір жақсы жобаның тұсауын кесті. Өнер орталығының мың адамдық залына жиналған халық «Жыл таңдауы – 2025» атты кеште 15 аталым бойынша әр саладан іріктелген ілінген таңдаулыларға құрмет көрсетті.
Талбесік • 23 Желтоқсан, 2025
Сыр өңірінде қала мәдениеті есте жоқ ескі заманнан қалыптасқан. Дәуірлер дерегін жасырған сол ежелгі шаһарлар орнын аралағанда көмбе, қорғандардан мал сүйектері мен кәдімгі күлді көп кездестіреміз. Талай тарихи қаланың құпиясын ашқан археологтердің айтуынша, ертедегі бабаларымыз осы әдіспен қорғанды нықтап, үй айналасын тазартып отырған екен. Бұл ұлы даланы мекен еткен байырғы жұрттың ертеден-ақ қала тазалығын рухани мәдениет өлшеміне айналдырғанын айғақтайды.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2025
Жыл тоғысында жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы тағы бір жақсы жобаның тұсауын кесті. Өнер орталығының мың адамдық залына жиналған халық «Жыл таңдауы – 2025» атты кеште 15 аталым бойынша әр саладан шорт-параққа ілінген таңдаулыларға құрмет көрсетті.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Қызылордадағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанынан «Қамқорлық» орталығы ашылды. Орталықтан шала туылған, неврологиялық, ортопедиялық белгілермен дүниеге келген үш жасқа дейінгі сәбилер көмек ала алады.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2025
Ұстазға арналған классикалық ән кеші
Қызылордадағы Өнер орталығында ұлағатты ұстаз, белгілі әнші Перуза Арғынбаеваны еске алуға арналған классикалық ән кеші өтті. Өңір руханиятында өшпес із қалдырған өнер иесінің шығармашылық мұрасы ұлықталған кеште сахнаға талантты әнші Әйгерім Алтынбек бастаған шәкірттері шықты.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2025
Кәсіп бастап, іс аясын кеңейтіп жатқандар туралы сөз бола қалса, «танысы көптің табысы да көп болады» деп байлам жасайтындар бар әлі бізде. Саланың қыр-сырын білмейтіндерге кәсіпкер жылдап жинаған қорын жұмсап, бірден берекеге кенеле кеткендей көрініп тұрады. Кейіпкеріміз Жадыра Жұмабекованың бастамасы жаңағыдай ой жетегінде жүргендерге берілген жауап сияқты.
Экология • 03 Желтоқсан, 2025
Бір ай шамасы бұрын Болат Өтемұратов қоры, Калифорния университеті, Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы дирекциясы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында төртжақты меморандумға қол қойылып, қазір сол келісімге байланысты жұмыс басталып кетті.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік газ жұрт игілігіне жұмсалуы керек
Қызылордада өңір тұрғындарын сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Жауапты сала басшылары қатысқан жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кәсіпкерлер төмендетілген бағамен алып отырған әлеуметтік газ тек халыққа сатылуы керектігін тапсырды.
Білім • 29 Қараша, 2025
Биылғы оқу жылында Сыр бойындағы мектептерде жаңалық көп. Әсіресе Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр атын иеленген №70 орта мектептегі ұстаздар мен шәкірттер үшін ерекше жаңалыққа толы болды. Сыңғыр үні әлемді тербеген күміс көмей әнші, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланова оқыған республикаға белгілі білім ошағы биыл 105-оқу жылын қарсы алып отыр. Тарихы тереңде жатқан мектепті әр жылдары бірталай азаматтар басқарыпты. Солардың бірі – екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Байжігіт Жүсіпов ақсақал еді. Саладағы белгілі маманның жұбайы, Ағарту ісінің үздігі Алмаш Жүсіпова да осы мектепте математика пәнінің мұғалімі болған.
Білім • 28 Қараша, 2025
Сыр бойындағы «Келешек мектебі»
Қызылорда қаласындағы СПМК-70 шағын ауданында 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды. Жаңа мектептің ашылуына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, өңірден сайланған Парламент депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты.