Аймақтар • Бүгін, 08:57

Көктем шуағын еселеген саябақ

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордадағы қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында бой көтерген саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, б­аскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед, жүгіру жолақтары бар.

Көктем шуағын еселеген саябақ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарын саябақтың ашылуымен құттықтап, өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында атқарылған жұмысты атап өтті.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы», деген болатын. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы тазалық мәдениетін кеңінен насихаттауға, туған жерімізді көркейтуге тың серпін берді. Жоба аясында бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілді. Өңірімізде біркелкі дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап барлық елді мекен бірегей архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді. Қызылорда қаласында 2 млрд 905 млн теңгеге 83 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталды. Биыл да бұл жұмыс жалғасын табады. Облыс орталығында жаңа нысандар бой көтеріп, жасыл желек пен саябақтар саны көбейіп келеді. Өскелең ұрпақ үшін таза, жайлы әрі қауіпсіз орта құру алдағы уақытта да жалғасады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы акцияларға, табиғат қорғау шараларына жастар мен қоғам белсенділерінің үлесін ерекше айтуымыз керек, – деді өңір басшысы.

Жалпы көлемі 31 гектарлық саябаққа 2 мыңнан аса ағаш, 50 мыңнан аса сәндік бұта, 17 түрлі көпжылдық гүл егілді. Оның аумағынан 300 орындық заманауи балалар лагері, Ботаникалық білім орталығы, тоғыз қабатты 15 тұрғын үй бой көтеріп келеді. 

 

ҚЫЗЫЛОРДА 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50