Төтенше жағдай • Бүгін, 00:50

Қызылордада полицейлер екі адамды өрттен құтқарды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Қадыров пен Сүлеймен Камалов аяқ асты шыққан өрттен екі адамды құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылордада полицейлер екі адамды өрттен құтқарды

Кешкі ауысымға түсіп, бекітілген аумақтарын аралап жүрген тәртіп сақшылары Арай шағын ауданындағы Жастілек көшесіндегі үйлердің бірінен шыққан қою түтінді байқады.

Жағдайды бағамдап үлгерген полицейлер дереу өрт сөндіру қызметіне хабарласып, оқиға орнына жедел жетіпті. Іске дереу кірісіп, баспанасын өрт шалғанын байқамай алаңсыз ұйықтап жатқан 66 жастағы қария мен немересін алып шығады. Олар көрші үйдің тұрғындарын да дер кезінде оятып, қауіптің алдын алды.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап жатқанда полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрады. Артынша кезекшіліктерін жалғастырып, патрульдеуге қайта кіріскен қос сақшыға өрттен аман қалған тұрғындар алғыс айтты.