
Қоғам • 28 Қараша, 2024
Қызылордада көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Байбота Қошым-Ноғайдың 70 жасқа толуына орай «Көкірегі – көктем-жыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде кешті жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы жүргізіп, үнемі ізденісімен ерекшеленетін ақын шығармашылығы туралы толымды ой айтты.
Еңбек • 27 Қараша, 2024
Қол-аяғы балғадай жанның ешқандай кәсіпсіз қол қусырып қарап отырғаны – қай қоғамға да жараспайды. «Мамандығыма сай жұмыс таппадым» дегенді сылтау етіп, әр істің басын бір қайырып жүрген қазіргі жастарды көргенде еріксіз осындай ойға келесіз. Біздің бала кезімізде кетпенін арқалап бақшадан қайтқан диқаннан, егін мен шөптің қамымен көктем мен күз тыным таппайтын механизатордан, жазды жайлауда өткізіп, күзде етектегі елге түсер малшыдан құрметті жан жоқ еді.
Аймақтар • 26 Қараша, 2024
Сырдария ауданындағы А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдары газ желісіне қосылды. Ауданға сапармен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды құттықтап, алда атқарылатын жұмыс туралы баяндады.
Есірткі • 25 Қараша, 2024
Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды. Қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген әйел есірткіні кәмпит ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2024
Көне дәуір дерегінен таныс Кескен күйік оғыздар кезеңіндегі ірі қаланың бірі болған деседі. Өткен ғасыр ортасына таман Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция алғашқы барлау жұмыстарын жүргізгенде қала орны әуеден фотоға түсіріліп, схематикалық жоспары жасалыпты. Көп ұзамай деректер қайта жинақталып, археологиялық барлау қазбасы салынған.
Тәрбие • 12 Қараша, 2024
Қызылордадағы Достық үйінде IХ республикалық әкелер форумы өтті. Отбасы мәселелерімен айналысатын сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен республикалық әкелер одағының өңірлік жетекшілері, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысқан жиында бала тәрбиесінде әке жауапкершілігін арттыру төңірегінде келелі ой-пікірлер айтылды.
Аймақтар • 09 Қараша, 2024
Қызылорда – Жезқазған күре жолы: Құрылыс тәмамдалуға таяу
Оңтүстікті орталықпен байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» күре жолының бойында тірлік қауырт. Қайта жаңғырып жатқан жолдың көп бөлігінде көліктер кедергісіз зырлайды. Қазір автожолдағы үш учаскеде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын тұр. Қызылорда мен Ұлытауды жалғап жатқан 424 шақырым жолдың 204 шақырымы біздің аумақта. Осы күні жолдың Қызылорда аумағындағы үш учаскесінде үш қабат асфальт төселіп бітуге жақын. Жыл соңына дейін 140 шақырым жол қолданысқа беріледі.
Жәдігер • 09 Қараша, 2024
Қызылордада Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерден «Тарихы терең Түркістан» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің ашылуына өңірдегі зиялы қауым өкілдері, жастар келді.
Жоба • 05 Қараша, 2024
Былтыр өңірдегі «Ауыл аманаты» жобасының бірінші кезеңі елдегі кәсіп бастауға талпынған талай жанның жолын ашты. Аймақта жобаның алғашқы жылында 3 млрд теңге бөлініп, негізінен өндірістік жобаларға басымдық берілді. Өзге де саладағы бастамалар қолдаусыз қалған жоқ.
Тағзым • 01 Қараша, 2024
Биыл – ән өнерінде өшпес із қалдырған ерек өнерпаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл. Осыған орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қазақтың Ақбаяны» атты облыстық әншілер байқауы ұйымдастырылды. Бұлақ сыңғырындай әсем үнімен тыңдаушысын баураған әнші рухына арналған мәдени кешті Қараөзек ауылдық клубы мен Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі бірлесе ұйымдастырыпты.