
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Қазақ қашаннан кеңдігімен, елдігімен, сан бояулы салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Ұлтымыздың ұлылығын нақыштайтын қанға сіңген қасиет, әдет-ғұрыптар бойтұмар сынды сан ғасырдан бері жасап келеді. Әсіресе күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы жібитін, қазан оттан түспейтін, Жер-ана бусанып, тіршілік атаулының тамырына қан жүгіретін Ұлыстың ұлы күнінің тарихи һәм ұлттық маңызы орасан. Қазіргідей жаңа заманға, жаңа қоғамға, жаңа уақыттың ағысына сай дәстүрге айналған мерекенің де жалпыхалықтық сипаты өзгеріп келеді. Жаһандану кезеңінде мұндай өзгерістердің болуы да заңдылық.
Тұлға • 07 Наурыз, 2025
Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты көрме мен дөңгелек үстел өтті.
Кино • 07 Наурыз, 2025
Киножобаларды іріктеу басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады. Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Бүгінде күйзеліс деген сөзді жиі еститін болдық. Заман қарыштап дамыған сайын бұл «аурудың» да мағынасы кеңейіп келеді. Жүрегіне тыныштық іздеген жан түрлі амалға жүгінеді: психология, медитация, аффирмация. Ал жанға дауа нағыз терапия қазақ даласында сонау сегіз ғасыр бұрын пайда болған. Ғалымдардың айтуынша, үрмелі аспап сазсырнай – күйзелістен құтқаратын таптырмас ем.
Әлем • 18 Ақпан, 2025
Кітап оқыса, жазасы жеңілдейді
Өзбекстанда түрме жазасын қысқарту үшін кітап оқу бағдарламасы енгізілуі мүмкін. Парламент бұл бастаманы бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаға сәйкес, Қылмыстық кодекске сотталғандарды «рухани түзету» туралы жаңа бап енгізу қарастырылған.
Басылым • 14 Ақпан, 2025
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйгерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды. Іс-шараға зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері, елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері қатысты.
Саясат • 12 Ақпан, 2025
Киножобаларды конкурстық іріктеу ережелері талқыланды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді.
Қоғам • 07 Ақпан, 2025
Түркияның мәдени астанасы Ыстанбұл қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түркия театрлар қауымдастығы және «Театр» газетінің ұйымдастыруымен түркі елдерінің театр қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Театр • 07 Ақпан, 2025
Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрында былтыр 1 390 қойылым ұсынылып, 92 мың көрермен тамашалаған. Сондай-ақ өткен жылы театр қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өскен. Ал 16 маман Канада, Ресей және Қырғызстанның жетекші театр мектептерінде біліктілігін арттырды.
Өнер • 06 Ақпан, 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті.