Қоғам • 30 Тамыз, 2025

БҰҰ Даму бағдарламасы аясында елімізде 4 су қоймасы салынады

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа мен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Даму бағдарламасы аясында елімізде 4 су қоймасы салынады

Кездесуде қос тарап Ислам даму банкі қаржыландырмақ жоба мақсатын талқылады. Аталмыш жобаның алғашқы кезеңі 4 жаңа су қоймасын салуға, 4 қолданыстағы су қоймасын және 115 каналды реконструкциялауға бағытталған.

Айта кетелік, шілде айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ислам даму банкі еліміздегі су жобасына БҰҰДБ-ны халықаралық кеңесші ретінде қарау шешімі қабылданды.

— БҰҰДБ-ның атсалысуы жобаны жаңа деңгейге көтереді. Ислам даму банкінің қаржыландыруымен жүзеге асырылатын жобалар су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл үшін заңнама жаңартылып, тиісті институт құрылып, қаржы бөлінді. Енді басталған істі нәтижелі аяқтау маңызды. Ынтымақтастық тұжырымдамасында көзделген міндеттерді орындай аламыз, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше