
Ауыл • 22 Қараша, 2024
Болашағы жоқ ауылдар... Елімізде жыл сайын ондаған елді мекен жабылады
Тәуелсіздіктің қиын жылдарында ауылдардың күйі кетіп, қалаға жаппай көшу басталды. Мал санымен қоса адам саны да азайып, тіпті кейбір елді мекендерде бір-екі үй ғана қалды. Ел ішін жұмыссыздық жайлады, еңбеккерлер көк темірді құшақтап, жүген ұстап қалды. Бар мүлік-мүкәмал талан-таражға түсті. Алмағайып кезеңде әркім өз басын күйттеп, қозғалысы көп жерлерге үдере көшті. Кейінде заман өзгерді, ауылдарға жан кірді. Қазір де көптеп көңіл бөлініп жатыр. Соған қарамастан жыл сайын жабылып жатқан ауылдардың саны азаймай отырғаны алаңдатады.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуі: мамандар не дейді?
Биылғы 1 наурыздан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгені белгілі. Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған уақыт мәселесі жан-жақты сарапталып, оның пайдалы тұстары айтылды. Дей тұрғанмен, қоғамда мұның жай-жапсары әлі де әңгіме болып келеді. Осыған орай, еліміз үшін бірыңғай уақыт белдеуінің мән-маңызын, артықшылығын жауапты орындардың білікті мамандарынан сұрап білген едік.
Экономика • 15 Қараша, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Jibek joly» атты жаңа теміржол туры іске қосылады. «Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы» бағытындағы алғашқы рейс ертең, 16 қараша күні жолға шығады.
Талбесік • 14 Қараша, 2024
Табиғат жанашырлары табысқа жетті
Еліміздегі экожүйені қорғауға арналған «Алтын дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» аталымында жеңіске жетті. Марапат еліміздегі киіктердің санын қалпына келтіру, ерекше қорғалатын аймақтарды кеңейтудегі елеулі жетістіктер үшін берілді.
Мәселе • 14 Қараша, 2024
Елімізде ғана кездесетін эндемик – Каспий итбалығы бүгінде жойылып бара жатқан жануарлардың санатында. Итбалықтар Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енген. Дегенмен осы бір бейкүнә жануарлардың саны жыл сайын мыңдап қырылып жатқаны алаңдатады. Егер осылай жалғаса берсе, теңіздегі итбалық атаулының мүлде жойылып кету қаупі бар.
«Таза Қазақстан» • 07 Қараша, 2024
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Жұрт болып жұмыла атқарған іс-шара осы күні шын мәнінде елдік сипат алып үлгерді.
Талбесік • 07 Қараша, 2024
Биыл елімізде жан-жануарлар дүниесін дамытуда, реинтродукция жасауда едәуір алға ілгерілеу болғанын мақтанышпен айтуға тиіспіз. Әуелі Торғай топырағына кәрі құрлықтан жеті кертағы оралды. Екі жолақ жон жолбарыс байырғы құтты мекені Іле мен Балқаш маңына қайта жерсіндірілмек. Бұқар бұғысы да бұрынғы мекеніне бұрылды. Ендігі бір іздейтін «жоғымыз» – жирен (зерен).
Ең қысқа әңгіме • 07 Қараша, 2024
Қалада қарашаның қара жаңбыры сібірлеп тұрған. Ұлым Жансүгір екеуміз есік алдында оны-мұны сөз етісіп, бүрісіп тұр едік. Дәл редакция орналасқан ғимараттың төбесінен топ-топ қайтқан құстың тізбегі молданың тәспісіндей сап түзеп, оңтүстікке қарай маңып бара жатты.
Халық • 05 Қараша, 2024
Демографиялық даму – мемлекет тірегі
Демография – кез келген елдің дамуындағы маңызды, шешуші фактор. Мемлекеттің өсіп-өркендеуіне халық саны барынша ықпал етеді. ХХ ғасырдың басында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы жазбаларында сол кездегі халқымыздың саны 6 миллионға жеткені туралы мәлімет бар. Бірақ халықтың басына түскен түрлі нәубет – аштық, қуғын-сүргін, соғыс сынды сұрапыл оқиғалар қазақтың демографиялық өсімін тежеп, 6 миллионды 1,5 миллионға дейін азайтып жіберді. Ал ХХІ ғасырда 20 миллионға жеттік. Бағалай білсек, бұл да болса егемендіктің арқасы, ел тарихындағы ең басты жетістігіміздің бірі.
Сұхбат • 01 Қараша, 2024
«Шығыс өңірінің мүмкіндігі мол» - Әлішер Сүлейменов
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасын басып өтетін ең ұзын көпірдің ашылуы ел өміріндегі айтулы оқиға болды. Жалпы, соңғы уақытта Шығыс өңірі жүзеге асырылып жатқан жарқын жобаларымен, қомақты көрсеткіштерімен қуантып келеді. Осы орайда облыс әкімінің кеңесшісі Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВТІ әңгімеге тартқан едік.