Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
279 материал табылды

Таным • 04 Наурыз, 2024

Да Винчи және тартылыс заңы

Да Винчиді дүйім жұрт әуелі ғалым деп тануы әбден мүмкін еді. Өйткені атақты суретші жаңалық ашпаса да, сәтті ғылыми ізденістер жасаған. Калифорния технологиялық институтының инженерлері Леонардо да Винчи ауырлық күші туралы тұжырымды ғылыми жаңалық ашылмай тұрып болжағанын айтады.

Инфографика • 29 Ақпан, 2024

Білім саласын үйлестіретін заң

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы заңға қол қойды. Құжаттағы негізгі жаңа­шыл­дық қандай, бұл салада енді не өзгереді?

Мектеп • 27 Ақпан, 2024

Жайлы мектеп жайы

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 369 мектеп салынады. «Samruk-Kazyna Construction» тапсырысы бойынша 218 мектеп – 2024 жылы, 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. Жоспар солай. Ал қарқын қандай?

Құқық • 22 Ақпан, 2024

Ұрланған дерек

Өткен аптада Қытайдың «iSoon» компаниясының деректер базасы бұзылып, құпия құжаттардың қолды болғаны белгілі болды. Ақпараттар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен. Солардың арасында біздің ел азаматтарының да деректері жүр. Бұның қалай болғанын жауапты мекеме тексеріп жатыр.

Технология • 22 Ақпан, 2024

Жасанды интеллект саласын дамыту тұжырымдамасы

Дамыған елдер 2017 жылдан жасанды интеллект саласын ілгерілету стра­тегиясын бекіте бастады. Бұл бүкіл әлемдегі жа­санды интеллект техно­логияларының жетілуі мен қолданылуын жеделдетті. Елімізде де осы салаға мән бе­ріліп отыр. Енді ар­найы тұжырымдама қа­был­­данбақ. Цифрлық даму, инновация­лар және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­нис­трлігі жасанды интел­лект саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспарын жасады. Жоспарға сәйкес қадамымыз қандай болады, сараптап көрдік.

Технология • 15 Ақпан, 2024

Жасанды интеллект заңға бағына ма?

Еуропалық одақ жақында жасанды интеллектіге қатыс­ты жаңа заң қабылдады. Бұл ере­желер жаһандық сипат­қа ие болуы мүмкін. Заңның қол­даныс аясына байла­ныс­ты мәсе­лелер сарапшылар ара­сын­да қызу талқыға түсіп жа­тыр. Бұл өзгеріс кімдерге қалай әсер етеді?

Ғылым • 14 Ақпан, 2024

Өрелі өнертабыс

Қант диабетімен ауыратындардың саны көбейіп бара жатыр. Елімізде де, әлемде де жағдай осындай. Бұл ауруды дер кезінде анықтап, бақылауда ұстамаса, соңы өлімге апарады. Ауруға шалдыққан науқастардың өмірін жеңілдету, сондай-ақ қант диабетін диагностикалауды жеделдету үшін Назарбаев университетінің «National Laboratory Astana» (NLA) зертханасының аға ғылыми қызметкері Аманжол Тұрлыбекұлы қант диабетінің бар-жоғын тыныс алу арқылы анықтайтын газ сенсорын жасады.

Ғылым • 05 Ақпан, 2024

Ғылыми маман даярлау түйткілдері

Жоғары оқу орындарының бас­ты міндеті – бәсекеге қабілетті маман даярлау. Кейінгі жылдары ғылымды ілгерілету міндеті алға қойылғандықтан, осы са­ла­ның сапасын жақсарту мә­се­лесі күн тәртібіне шықты.

Энергетика • 31 Қаңтар, 2024

Сутек энергиясын алудың арзан жолы

Отандық ғалым, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қа­зақстан университетінің ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі Ақатан Қы­дырмолла сутегі энергиясын арзандатудың жолын тапты.

Сұхбат • 30 Қаңтар, 2024

Жасанды интеллектіні дамытуға қадам бастық

Жасанды интеллектінің мүмкіндігі мен жетістіктерін көз көріп, құлақ естіп жүр. Елімізде де саланы дамытуға ден қойылып отыр. Бірнеше жоғары оқу орнына білім беру бағдарламасын енгізу – осы бағыттағы негізгі қадамның бірі. Отандық ғалымдардың да ізденісі көптеп байқалады. Мәселен, жасанды интеллектінің көмегімен дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыратын қосымшаны көзіміз шалды. Оның артықшылығы тілдік дерекқорының молдығында. Яғни бұл бағдарлама қазақ тілінің технологиядағы қолданысының дамуына жақсы әсер етеді. Нейрожелінің мүмкіндігін әрбір салада жетілдіруге осындай отандық жобалар қажет-ақ. Шын мәнінде, жасанды зерденің біздің нарықтағы болашағы, ондағы қазақ тілінің қолданысы қай деңгейде екенін білу үшін Ақпараттық және есептеу технологиялары институты бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Өркен МАМЫРБАЕВТЫ сөзге тарттық.