
Қоғам • 27 Тамыз, 2024
Елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Қайырымдылық науқан аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары берілді. Сыйлықты этномәдени бірлестіктердің мүшелері, Аналар кеңесі, «Жомарт жан» орталығы тарту етті.
Экономика • 27 Тамыз, 2024
АЭС-ке қажетті уран қалай өндіріледі?
Атом электр стансасын салу мәселесі елімізде қызу талқыланып жатыр. Азаматтар мен кәсіби сарапшылар ауқымды жобаның артықшылығы мен пайдасын әрі қауіпсіздігін саралайды. Негізі, АЭС салудағы маңызды тетік – энергетикалық әлеуетті қамтамасыз ету. Өйткені мемлекетте қазірдің өзінде электр қуатының тапшылығы сезіліп отыр. Қажеттілік жылдан-жылға арта түспек. Сондықтан салада озық тәжірибеге сүйенген стратегиялық нысан керек. Ал салынған жағдайда, отын ретінде уран пайдаланылады. Маңызды металды өндіру үдерісімен тереңірек таныспаққа Астанадан шамамен 320 шақырым қашықтағы кен орнына барып қайтқан едік.
Еңбек • 24 Тамыз, 2024
Астанада «Joltap» әлеуметтік бағдарламасы аясында тігін ісі бойынша шеберлік сабағы өтті. Елорда әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жоба тұрақты табыс табуға ниеттенген азаматтарға арналған. Бүгінде игі бастама көмегімен 5 мыңнан астам тұрғын оқудан өтіп, олардың 3 мыңға жуығы жұмысқа орналасты.
Сұхбат • 22 Тамыз, 2024
«Жасыл ел» жасағының жетістігі
Елімізде «Жасыл ел» жалпы ұлттық жобасы аясында 38 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты. Оның ішінде орта мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері бар. Жазғы уақытта жастарды жұмыспен қамтуды көздеген бастаманың биылғы маусымы аяқталуға жақын. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров еңбек жасағының жұмысы туралы сұрақтарымызға жауап берген еді.
Жастар • 22 Тамыз, 2024
«Тау самалында» бас қосқан белсенділер
Республикадағы белсенді жастар саяси лагерьде бас қосты. «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жиынға еліміздің әр түкпірінен 300-ден аса делегат қатысып жатыр. Іс-шара 24 тамызға дейін жалғасады.
Сұхбат • 21 Тамыз, 2024
«Креативті индустрияның мүмкіндігі зор»
Қазір азаматтардың шығармашылық әлеуетіне, зияткерлік капиталына басымдық беретін кезең. Өйткені бұл – креативті индустрияның қайнар көзі. Елімізде аталған сала қарқын алып, аяғын алшаң басты деу қиын. Бірақ дарынымен дүниежүзін мойындатқан отандасымыз жетерлік. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда шығармашыл азаматтардың басын біріктіретін орталық құру маңызды деген еді. Осы орайда елордада ашылған «ÓzgeEpic» креатив хабының директоры Тоғжан ҚҰРМАНЖАНҚЫЗЫМЕН әңгімелесіп, бұл бағыттың нарықтағы қазіргі ахуалын бағамдаған едік.
Руханият • 19 Тамыз, 2024
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру міндет
Ана тілдің қолдану аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда тағы бір мәрте айшықтап берді. Мемлекет басшысы қазақ тілінің тұғырын нығайтуда құр сөзбен емес, нақты әрекетке көшу қажет екенін баса айтты.
Марапат • 17 Тамыз, 2024
Астанада жас мамандарға арналған «Jas кeñes sı ylyğy» сыйлығының иегерлері анықталды. Марапат биыл алғаш рет тағайындалып отыр. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері бастамашы болған іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары, белгілі спортшылар мен қоғам қайраткерлері және жастар өкілдері қатысты.
Жастар • 16 Тамыз, 2024
Жастардың бүгінгі бейнесі қандай?
Жастардың сұранысы, қажеттілігі, құндылығы мен әлеуметтік-саяси көзқарасы тұтас қоғамның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Себебі еліміздің әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Сондықтан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы сарапшылары Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын әзірлейді. Биылғы жас отандастарымыздың бейнесі қандай?
Жоба • 13 Тамыз, 2024
Елімізде ұлттық жастар онкүндігі қорытындыланды. Мерекелік бағдарлама әр өңірде ашық аспан астындағы «Жастармен бірге» концертімен түйінделді. Республика бойынша 3-12 тамыз аралығында барлығы 5 мыңнан астам іс-шара өткізілді.