Үкімет • Бүгін, 09:00

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті

10 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мәжіліс және Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітті. Сондай-ақ ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы нақтыланды.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті

Конституциялық сот 400-ге жуық қаулы қабылдады

Қос палатаның бірлескен отырысына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов төрағалық етті. Әдеттегідей депутаттар алдымен күн тәртібін бекітіп, негізгі үш мәселені қарауға кірісті. Алғаш болып мінберде Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова кейінгі бір жарым жылдағы конститу­ция­лық заңдылықтың жай-күйі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Конституциялық сотқа азаматтардан 10,5 мыңнан аса өтініш түскен.

– Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конс­титуциялық соттың Жолдауын жыл сайын тыңдау Конституцияның өзінде бекітілген. Бұл – консти­туциялық бақылау органына деген институционалдық сенім. Бізге келіп түскен өтініштердің басым бөлігі қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, жер, салық және әлеуметтік заңнаманың нормаларына қатысты. Көптеген өтініш заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың нормаларын құқықтық түсіндіруге сұрау салуларды қамтиды. Бұл – азамат­тардың не ойлайты­нын, нені талдайтынын, не ұсын­ғысы келетінін және өздерін ес­туін қалайтынын білдіретін бел­гі. Азаматтардың құқықтық сана­сының мұндай өсуі бізден заң шыға­ру­шылар мен мемлекеттік инсти­тут­тардан кері реакцияны талап етеді. Әділет министрлігінің мұн­дай бастамаларды «Ашық норма­тив­тік құқықтық актілер» және жасанды интеллектіні қолдануды қоса алғанда, заң консультациялары жобалары аясында ескеруін ұсынамыз, – деді Э.Әзімова.

Жалпы Конституциялық сот қыз­метіне, кіріскелі бері 400-ге жуық қаулы қабылдаған. Баян­д­амашы Конституциялық сот­тың қорытынды шешімдері әсері­нен мемлекеттік баж нормалары оңтайландырылғанын, касса­циялық қорғалуға қолжетім­ділік кеңейтілгенін, судьялардың тәртіп­тік кепілдіктері мен оларды жауап­қа тарту тәртібі нақтылан­ға­нын, бала асырап алу, еңбек ету бос­тан­­дығы және ата-аналар­дың әлеу­­меттік құқықтары қорғалға­нын, жа­заларды орындау, салық салу және мемлекеттік реттеу сала­сындағы конституциялық емес ереже­лер жойылғанын айтты. Бұған қоса тұрғын үйден айыру мәсе­лесінде Конституция нор­масы­на сот шешіміне балама ретін­дегі прокурорлық санкцияға жол бер­мейтін ресми түсіндірме берілгенін жеткізді. Сөз арасында Э.Әзімова депутаттарға бірқатар заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді ұсынды.

– Заң шығару күн тәртібі шеңберінде сот процесінде алқабилерді ауыстыру тәртібіне, баланың ұлтын анықтауға және көрсетуге, бала асырап алу инс­титутын жетілдіруге және али­мент­тік міндеттемелерді орын­дауға қатыс­ты құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, Қылмыстық-про­цест­ік, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстерге және олармен байланысты баcқа да заңнамалық актілерге, екінші­ден, ойын бизнесін, сондай-ақ мұ­ра­герлік пен сақтандыру мәсе­ле­лерін реттеудегі құқықтық екіұш­ты­лықты жою мақсатында Азаматтық кодекске, үшіншіден, Әлеуметтік кодекске жұмыс істемейтін ата-ананың жас балаға тікелей күтім жасаған уақытын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілінде есепке алуға, қазіргі жағдайларды ескере отырып, белгілі бір санат­тағы адамдарды әлеуметтік қор­ғау тәсілдерін қайта қарауға, төр­тін­шіден, сақтандыруға және зейнет­ақы жинақтарын қорғауға қатысты ережелер бөлігінде азаматтық және әлеуметтік заңнама нормалары арасындағы құқықтық коллизияны жою туралы өзгерістер енгізуді ұсынамыз, – деп тізбектеді Конституциялық Сот төрағасы.

Өзгерістер қатарында сотты­лығы өтелген немесе алынған тұлға­лар­дың мемлекеттік қыз­метке кіруі, азаматтардың көлікті уақытша әкелуі, жерді жалға беру конкурстарының шарттары, қылмыстық-атқару жүйесінде адам құқықтарының сақталуы сияқ­ты мәселелерді реттеу, сондай-ақ Парламенттің келесі сессиясында заң жобаларын қарау кезінде Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескеру ұсынылды.

 

Судың да сұрауы бар

Бірлескен отырыстағы кезекті мәселе 2024 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі туралы болды. Қаржы министрі Мәди Такиев­тің айтуынша, 2024 жылы респуб­ликалық бюджет бойынша бар­лығы 12 түзету және 1 нақ­ты­лау жүр­гізілген.

– Былтыр ішкі жалпы өнім 4,8 пайызға өсті, бұл негізінен мұнайға қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы 5 айдың қорытынды­сы бойынша, ішкі жалпы өнім 6%-ға өсті. Шоғырландырыл­ған бюджеттегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі былтыр 2,5 пайыздық тармаққа өсті. Инфляция деңгейі 9,8%-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе ішкі жалпы өнімге 2,7 пайызды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге шаққанда 23,7 пайызға жетті. Жалпы, 2024 жылы 26 мемлекеттік органның даму жоспарларында 173 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген еді. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 24% төмендеп, 372 млрд теңге болды, – деді Қаржы министрі.

Яғни өнімсіз шығыстар, әсіресе бірінші кезекке жатпайтын шығыс­тар оңтайландырылған. Ал Жоға­ры аудиторлық палатаның төр­ағасы Әлихан Смайыловтың айтуын­ша, мемлекеттік органдар мен квази­мемлекеттік сектор субъектілерінің есептілігі күшейтілген.

– Сондай-ақ мемлекеттік қар­жы статистикасын жетілдіру көзде­ліп отыр. Онда Ұлттық қорды пайдалану, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспар­лары мен іс-шаралар жоспар­лары­ның орындалуы туралы ақпа­рат қамтылады. Болжауды, тәуекел­дер­ді бағалауды, лимиттерді айқын­дауды, мониторингті және есептілікті қамтитын борыштық міндеттемелерді кешенді басқару институты енгізілді. Бюджет процесіне қатысушылардың бюджет заңнамасын бұзғаны, бюджет­тік бағдарламаларды тиімсіз орын­дағаны және қаражатты қайта бөлудің негізділігі үшін жауапты­лығы күшейтілді. Жалпы, Үкімет Жоғары аудиторлық палата­ның ұсынымдарын орындау бағытын­дағы жұмысын арттырды. Қазіргі кезде былтырғы ұсынымдардың жартысына жуығы іске асырылды, жыл аяғына дейін тағы бесеуі орындалады, – деді ЖАП төрағасы.

Сондай-ақ ол жекешелендіру шараларынан бюджетке түскен кірістерді атады.

– Жыл басындағы жағдай бо­йынша, жекешелендірудің кешенді жоспары 72%-ға орындалды. Жос­пар­­ланған 637 нысанның 460-ы сатыл­ды немесе жойылды. Бұл – рес­пуб­ликалық, коммуналдық меншік нысандары және квазимем­лекеттік сек­тордың активтері. Мем­лекеттік мүлік комитетінің ақпара­ты бойынша, былтыр 589 млрд теңгеге 14 нысан сатылған. Оның ішінде Tele-2 компаниясын қатар­лық инвесторға сатудан 517 млрд теңге түскен. Бұл сомадан түскен 158 млрд теңге дивиденд рес­­­пуб­­­­ли­калық бюджетке аударыл­ды. Бұ­ған қоса корпоративтік табыс сал­ы­ғы түрінде тағы 76 млрд тең­­ге төлен­ді. Осы мәміледен түсе­­­тін қалған сомалар сатып алу-сату шартына сәйкес, 2028 жылға дейін біртіндеп түседі, – деді Ә.Смайылов.

Былтырғы бюджет-салық саясатының тәуекелдерге неғұрлым бейім негізгі бағыттары бойынша 30-дан аса ұсыным берілген. Ә.Смайылов Жоғары аудиторлық палата Мемлекет басшысы айқын­даған міндеттерге қол жеткізу үшін Парламент және Үкіметпен жүйелі әрі бірлескен жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

Мәселе төңірегінде баяндамалар тыңдалған соң, депутаттар сұрақ қоюға көшті. Сенатор Серік Шайдаров былтыр еліміздің экспорты өсім көрсетіп, 81,6 млрд долларды құрағанын, алайда экспортты негізінен шикізат тауарлары құрауын жалғастырып келе жатқанын айтып сауал жолдады. Өз кезегінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өткен жылдың қорытындысында шикізаттық емес экспорт 46 млрд долларды құрағанын айтты. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 3 млрд долларға көп көрінеді.

Ал мәжілісмен Ерлан Саиров өркендеудің нақты көрсеткіштері­не қатысты Үкіметтің жұ­мысына тоқталды. Премьер-ми­нистр Олжас Бектенов Мәжіліс де­пу­таты елдің көкейінде тұрған мәсе­лені көтеріп отырғанын жеткізді.

– Біріншіден, мемлекет өз мін­деттемелерін толық көлемде орын­дап жатыр. Бұған бізде еш­қандай күмән жоқ. Жалпы, экономикалық ахуал тұрақты, бірақ сіз айтып өт­кен проблемалық мәселелер бар. Ол өздеріңіз білетіндей, бір күн­де пай­да болған проблемалық мәсе­ле­­лер емес. Бірнеше жыл бойы қа­лып­­­т­асып жатқан проблема. Үк­і­мет қазір­гі таңда оның бәрін шешу­ге бел­сенді жұмыс атқа­рып жа­тыр. Үкіметтің бастамасы­мен елі­міз­де салық реформасы жү­ріп жатыр. Жуырда ғана жаңа Салық кодексі қабыл­данды. Жаңа құжат­тың көмегі­мен келесі жылдан бас­тап рес­пуб­ликалық бюджетке шама­мен 3 трлн теңгеден аса қосым­­ша түсім­дер күті­ліп отыр. Бұл ақ­ша­ның бәрі тек даму мақ­сат­тары­­на бағыт­­талады. Қазір келесі үш жыл­ға ар­­налған рес­публикалық бюд­жет жо­басын да­йын­дап жатырмыз. Өте қызу жұ­мыс жүріп жатыр. Ал­дын ала ай­татыным, біз 2026 жылы бюд­­жет тап­шы­лығын қазіргі 2,7 па­йыз­дан 2,5 па­йызға дейін, 2027 жылы 1,8 па­йыз­ға дейін, 2028 жылы 1,4 па­­йыз­ға де­йін төмендетеміз деп жос­­пар­­лап жа­тырмыз, – деді Үкімет басшысы.

Депутаттардың қызу талқысы­нан соң, Парламент палаталары да­уыс беруге көшті. Есепті 48 сена­тор мен 69 мәжілісмен қолдады. Ал екі сенатор мен 20 мәжіліс­мен қар­сы болды. Сонымен, шешім қабылданды.

Бірлескен отырыста еліміз­дің орнықты дамуы саласын­дағы ұлт­тық мақсаттар мен міндет­тер­дің іске асырылуын монито­рингілеу жөніндегі парламенттік комис­сияның жаңартылған құрамы да бекітілді. Оның құрамына бұрынғы депутаттар Асқар Садықов пен Гауһар Танашеваның орнына Мәжіліс депутаттары Серік Ерубаев пен Ирина Смирнова енді. 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30