Заң мен Тәртіп • 26 Маусым, 2025

Қоғамды алға жетелейтін қағидат

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнық­тыру – баршаға ортақ міндет. Сон­дықтан әр отандасымыз кез келген заңға қайшы әрекетке мүлдем төзбей, азамат­тық белсенділік танытуы қажет. Қол­даныс­тағы құқықтық-нормативтік база да бұл талапты толық қамтамасыз ете алады. Тек сол заңдардың орындалуы­на саналы түрде атсалысу қажет. Осы рет­те мем­лекеттік қызметшілердің де рөлі айрықша.

Қоғамды алға жетелейтін қағидат

Өйткені олардың әр шешімі – халықтың әл-ауқатына, қоғамның тұрақтылығына, ең бастысы мемлекеттің болашағына тікелей әсер етеді. Яғни мемлекеттік қызметшілердің заң мен тәртіп қағи­датын ұстануы – тек қызметтік міндет емес, бұл қоғамдық сенімді ақтаудың, әділеттілік пен тұрақ­тылықтың кепілі. Сол себепті салада кәсіби­лік­пен қа­тар адалдық, жауапкершілік және қоғамға шына­йы жанашырлық аса маңызды. Осындай қасиет­тер­ді бойына сіңірген маманның бірі – Валерий Сосенко.

Еңбек жолын 1987 жылы қарапайым зоотехниктен бастаған ол бүгінде Меңдіқара ауданына қарасты Первомай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Тек міндетін атқарумен шектелмей, Валерий ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажына шынайы жанашырлықпен қарап, нақты шешім қабылдай алатын көшбасшылық қабілетін де көрсетіп жүр. Бұған бір жағынан мемлекеттік қызметтегі 30 жылға жуық тәжірибесі сеп болып отыр.

– КСРО Қарулы Күштері қатарында әскери борышымды өтеп, азаматтық парызымды абыроймен орындадым. Кейін кіндік қаным тамған жерге маңдай терім де тамсын деген ниетпен ауылға келдім. 1996 жылға дейін зоотехник болып еңбек етіп, саланың қыр-сырын терең меңгердік. Сол жылдың желтоқсан айында көптің қолдауымен ауылдық округтің әкімі қызметіне тағайындалдым. Жалпы, қандай жағдай болсын, мемлекеттік қыз­метте өзгермейтін қағидалар бар. Бұл – ең алдымен еліңе деген жанашырлық, адалдық, жауап­кер­шілік және құқықтық тұрғыдан сауатты болу. Ал ішкі тәртіп пен кәсібилігін талабыңды өсірмесе, кемітпейді. Қазір – әлем дамуы жаңаша серпін алып, цифрлы технология дәурен құрып тұрған шақ. Десек те қоғамдық басқару жүйесіндегі құн­ды­лықтар тек түрленбесе, түбегейлі өзгермейді. Ал мен атап өткен қасиеттер елде заң мен тәртіп қағи­датының берік орнығуына негіз болады, – дейді В.Сосенко.

Тең құқық пен тәртіп орнаған қоғамда ғана даму мен өрлеу болады. Ал бұл жолда кәсібилік пен жанашырлық қатар жүруге тиіс. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025