Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Форум • 20 Тамыз, 2024

Ауыл шаруашылығы ғылымның көмегімен дамиды

Ғалымдар егін шаруашылығына, жалпы ауыл шаруашылығы саласына ғылым мен заманауи білікті маман келмейінше алға жылжу мүмкін емес екенін айтып жүр. Бұл орайда «KMF» микроқаржы ұйымы және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді ғылыми жолдармен шеше отырып, кәсіп жүргізуді жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Білім • 17 Тамыз, 2024

Жақсылық жасауды жастар бастады

Биыл Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Өңірдегі экономикалық есептеулер нәтижесінде әр балаға 43 407 теңгеден үлестіріледі.

Құрылыс • 05 Шілде, 2024

Оңалту орталығы құрылысымен танысты

«Amanat» партиясы фрак­циясының мүшелері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев және Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысы Сауран ауданы Ораңғай елді мекеніне барып, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орта­лығының құрылысымен танысты. Бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр.

Мәдениет • 05 Шілде, 2024

Тіл тазалығы –­ тектілік көрінісі

Сөзге бай, әуезі көркем, дәрежесін әлем ғалымдары мойын­да­ған қазақ тілі күнделікті өмірде өзгерістерге ұшырап, қо­йырт­­пақталып бара жатқаны белгілі. Бұған түрлі тілдің бір-біріне ықпал етуі, ауызекі тілде орынсыз жұмсалатын сөз­­д­ердің жиі қолданылуы себеп болып отыр. Тіл таза­лы­ғын қа­лай сақтап қалуға болады? Түркістанда Қ.А.Ясауи атын­да­ғы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Т.Жүр­ге­нов­ атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясы ұйым­дас­тыр­ған «Сахна тілі» жаз­ғы мектебінде жастар тілдік нормаларды сақ­тау­ға қатысты терең де мағыналы дәріс алды.

Әдебиет • 03 Шілде, 2024

Әдеби бөлімнің әлеуеті

Түркістан музыкалық драма театры биыл сәуірде Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған драматургия байқауын жариялаған еді. Күні кеше республикалық байқаудың жеңімпазы анықталды.

Білім • 19 Маусым, 2024

Ең жоғары нәтиже

Түркістан облысы Кентау қаласының оқу­шысы Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзір­ге, өңір бойынша ең жоғары нәтиже. Ұстаз­дары болашақта мате­м­атика пәнінің мұға­­лім болғысы келетін Айдос­тың жыл бойы бай­қау сынақтарында бірінші орынды бермей келгенін айтады.

«Таза Қазақстан» • 19 Маусым, 2024

Арыс жағасындағы демалыс аймағы

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Арыс өзені жанындағы 0,65 гектар аумаққа жеміс ағаштары отырғызылған болатын. Көктемде отырғызылған жеміс бауын «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары күтімге алған.

Қоғам • 17 Маусым, 2024

Түйе балуанға – темір тұлпар

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті қазақ күресін насихаттауға, дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Өткен апта соңында қоғамдық-саяси газеттің 100 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласында қазақ күресінен турнир өтті. Жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 61 жыл бойы тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан турнир қазақ күресін халықаралық, әлемдік деңгейде танытқан талай балуанның тұсауын кесті.

Аймақтар • 13 Маусым, 2024

Тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу – басты міндет

Түркі әлемінің туристік астанасы Түркістан гүлдене, түрлене түскен. Саябақтар, Рәміздер алаңы, сондай-ақ әкімшілік-іскерлік, мәдени-рухани орталықтары аумағындағы 80 субұрқақ ауаны салқындатып қана қоймай, қалаға сән беріп тұр. Әсем көріністер ақын Ғафу Қайырбековтің: «Түркістанның көшелері ылғи бақ, Кеудесінен бұлақ аққан құлдилап...» деген өлең жолдарын еске түсіреді.

Аймақтар • 13 Маусым, 2024

Оранғайдағы оңалту орталығы қашан ашылады?

Облыс орталығы, Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін алған Түркіс­танда соңғы 5-6 жылдың көлемінде құрылыстың қарқыны күшті. Ертегідегідей еліте түсетін ерекше ғимараттарымен, тотыдай түрленген Түркістан туралы қазір қандай теңеу айтсаңыз да, қалай толғансаңыз да жарасады. Алайда осыншама керемет нысанның бәрі ертегідегідей ғайыптан пайда болмағанын айтпасақ та түсінікті. Мұның арғы жағында бір түйткілдің, біраз проблеманың жатқаны рас.