Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
139 материал табылды

Алматы • 19 Ақпан, 2025

Алматыда Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай дәстүрлі тағзым ету іс-шарасы өтті. Жиналғандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыс зардабын тартып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Көрме • 15 Ақпан, 2025

Жарқын достықтың жемісі

Өзге мемлекеттермен рухани-мәдени байланыс орнату – еліміздің дипломатиялық саясатындағы басым бағыттардың бірі. Осы орайда Алматыда Иран Ислам республикасының ұлттық мерекесі атап өтіліп, екі ел достығын көрсететін мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды кеште танымдық көрме көпшілік назарына ұсынылып, парсы тіліне аударылған кітаптардың тұсауы кесілді.

Қоғам • 13 Ақпан, 2025

Қайырымдылық қорларын қадағалау қажет пе?

Сүрінгенді сүйеп, қысылғанға қолдау көрсету – халқымыздың қанына сің­ген қасиет. Дегенмен кейінгі кездері жақсылықтың атын жамылып, жымысқы әрекетін жүзеге асыратын, қайы­рымдылық деп қалта қампайтқан жаға ұстатар жағ­­дайлар жұрт көңіліне күдік-күмән ұялатқаны белгілі. Қолда бар мәліметке сүйенсек, елімізде 7 203 қайы­рымдылық қоры ресми түрде тіркеліп жұмыс істеп отыр. Олардың жұмысын қадағалау қалай жүзеге асады? Қоғамда сенімге сызат түсірер жайттар неге жиілеп барады?

Алматы • 08 Ақпан, 2025

Бірлік алаңына айналған шаңырақ

Еліміздің үлкен қалаларындағы Достық үйлері – рухани байланыс алаңы ретінде этномәдени бірлестік өкілдері ұдайы бас қосып, тағылымды іс-шаралар өткізетін бірегей орын. Түрлі мәдениеттер тоғысып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған Алматыдағы республикалық Достық үйі солардың басын біріктіретін орталық дерсіз. Мұнда күні бүгін 19 этномәдени бірлестік жұмыс істеп отыр. Келушілер осы жерде тіл үйреніп, түрлі іс-шара ұйымдастырады, арнау­лы үйірмелер арқылы өнерлерін шыңдап, өзара ынтымаққа ұйыстыратын маңызды жобаларға үн қосады.

Алматы • 05 Ақпан, 2025

Мемлекеттік орталық музейдің жаңа тынысы ашылды

Жылдың басы Алматыдағы қос бірдей тағылым ордасы үшін ақжолтай жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне Ұлттық мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойғаны мәлім. Осы орайда халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының бай қоры сақталған Мемлекеттік орталық музейдің өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасаған едік.

Саясат • 29 Қаңтар, 2025

Ортақ алаңдағы салмақты ойлар

Әлемнің кез келген елі бетпе-бет келетін ға­ламға ортақ проблема­лар­ды бірлесе еңсеру – да­мы­ған мемлекеттерді бір арнада тоғыстыратын ортақ міндет. Орталық Азияның бірқатар елінен келген озық ойлы сарапшылар осы мәселелерді Алма­ты­да өткен 5-ші «ЕО-Орталық Азия азаматтық қо­ғам форумы» барысында тал­қылады.

Құқық • 28 Қаңтар, 2025

Сот үкімі шықты

Алматы қаласының қылмыс­тық істер жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық әкімші­лік сотында «Қаңтар оқиғасы­на» қатысқандарға сот үкімі шықты. Сот барысында қыл­мыс­тар­ға қатысты толық дерек ай­тылып, айыпты деп та­ныл­ған­дардың алды 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өнер • 28 Қаңтар, 2025

Сурет пен спорт саңлағы

Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті суретші, еліміздегі Таек­вондо федерациясының тұңғыш президенті Бек­сейіт Түлкиевтің туға­нына 70 жыл толуына арналған «Дүние жалған, өнер мәңгі» атты рухани кеш өтті. Өмірден ерте кетсе де, артына мол мұра қалдырған талант иесінің қылқаламынан туған шығармалары топ­тастырылған сурет көр­месі оны іздеген, сағынған, еске алған зиялы қауымды айрықша әсерге бөледі.

Алматы • 17 Қаңтар, 2025

Өнер қайраткеріне құрмет

Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды. Абылай хан даң­­ғы­лының бойында, Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық халық аспап­тары оркестрі ғима­ра­тының алдында еңсе тіктеген ескерткіш­те қазақ мәдениетінің өрістеуіне айшықты үлес қосқан өнер иесі мен оның сүйікті аспабы күйсандық қоса бедерленген.

Құқық • 15 Қаңтар, 2025

Жүгенсіз жүргізуші – қоғамға қауіп

Жолдағы жауапсыздықтың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қазаға ұшырайды. Жол-көлік апаты елімізде жиі болатыны, оның салдарынан өлім-жітім де көп екені үнемі айтылып, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған түрлі іс-қимылдар қолға алынғанымен, қаралы статистиканың азаяр түрі жоқ.