
Жемқорлық • 02 Сәуір, 2024
Жемқорлықтың жолын кесу маңызды
Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықтың бірі – жемқорлық. Президент пәрменімен өңірлерде жемқорлыққа итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынғаны белгілі.
Руханият • 20 Наурыз, 2024
«Ақ желкен» республикалық балалар мен жасөспірімдер журналының наурыз айындағы саны Наурыз мейрамына және Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналды.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Ерекше қажеттілігі бар жандарды жан-жақты қолдау – қоғамға ортақ міндет. Алматыда мұндай санаттағы 58 мыңнан аса адам өмір сүріп жатыр десек, олардың 9 мыңы – балалар. Әрбір азамат еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге мүмкіндік ала отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды.
Дәстүр • 18 Наурыз, 2024
Қатпар тарихқа өрнек салған мәдени мұралар – ұлттық дәстүріміздің өзегі. Халықтық қасиет-қалыбымыздың бастау-бұлағында тұрған рухани құндылықтар – Тұран даласының әр тарапын мекендеген бауырлас халықтардың бірлігін бекемдеп, оларды ынтымаққа ұйыстыратын қуатты күш. Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде салтанат құрған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II халықаралық ғылыми форумда түбі бір түркі халықтарының мәдениеті мен өнері зерделеніп, Наурыз мейрамын насихаттаудың маңызды бағыттары сараланды.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуі – бейкүнә бала үшін ауыр соққы. Рухани тәрбиемен қатар, тұрмыстық игіліктерден де қағылған қаншама жеткіншек әке қамқорлығына зәру. Бүгінде жағдайы бола тұра алимент төлеуден жалтаратындар көбейген. Алматы қаласының жеке сот орындаушылары кәмелетке толмағандардың пайдасына алимент өндіріп алумен белсенді айналысып келеді.
Көрме • 12 Наурыз, 2024
Көктем көріністері көз арбайды
Мемлекеттік орталық музейде бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларының ауқымды көрмесі ашылды. «Бір шаңырақ астында» деп аталған өнер жәрмеңкесі наурыз рухын, көктем пейзаждарын, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыстық ерекшеліктерін бейнелеген еліміздің аса танымал суретшілерінің шығармашылық жұмыстарын паш етеді.
Медицина • 10 Наурыз, 2024
Қалқанша безді емдеудің жаңа әдісі
Медицинадағы заманауи жетістіктер аса күрделі операциялардың өзін пышақсыз жасауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің озық елдерінде кеңінен пайдаланылатын тың әдістер кейінгі жылдары елімізде де қолданыла бастады. Күні кеше Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында уытты емес біртүйінді зоб анықталған екі бірдей науқасқа аз инвазивті операция жасалды.
Әскер • 08 Наурыз, 2024
Әскери өмірдің айнасына айналған аймаңдай арулар аз емес. Темірдей тәртіп орнаған мекемеге жып-жылы шуақ сыйлап жүретін де солар. Көрікті жүзіне сабыр мен сенім ұялаған майор Мақсат Тілеуқабыловамен жұмыс бабында таныстық.
Алматы • 05 Наурыз, 2024
Алматы: Үрейді ақпараттың нақтылығы басады
Қаңтардағы жер сілкінісінің үрейі әлі басыла қоймаған Алматыны табиғат ана тағы да бір сілкіп алды. Наурыздың 4-і күні сағат 11-ден 22 минут өткенде тіркелген тербелістің күші 5 балды құраған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Сейсмикалық қауіпті аймақты мекендеген тұрғындар таңды ұйқысыз атырары айтпаса да түсінікті.
Алматы • 05 Наурыз, 2024
Алматыдағы Жастар орталығында еліміздің әр аймағынан келген Жастар саясаты басқармаларының жетекшілері бас қосып, жаңа буынның өмір тынысындағы өзекті мәселелерді талқылады.