Алматы • Кеше

Алматыда «Jas Camp» жастар лагері басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Jas Camp» жастар лагері жұмысын бастады. Биыл лагерьге 100 қатысушы іріктеліп алынған. Олардың қатарында студенттер, комьюнити орталықтарының резиденттері, еріктілер, жастардың экологиялық қозғалыстарының өкілдері және NEET санатындағы жастар бар, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда «Jas Camp» жастар лагері басталды

Бес күн ішінде қатысушылар көшбасшылық дағдыларын дамытып, әлеуметтік жобалар жасауды үйренбек.

Лагерь бағдарламасында тренингтерге, шеберлік сыныптарына, фасилитациялық сессияларға, воркшоптарға және түрлі мәдени іс-шараларға қатысуға болады. Тәлімгерлер мен сарапшылар арасында танымал жаттықтырушылар Асхат Әбжанов, Камилла Әкімбекова, Жанель Сариева, Дана Шаяхмет секілді мамандар бар.

«Jas Camp-бұл жай ғана білім беру алаңы емес, жастарды өздерінің шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілікке үйрететін кеңістік. Жобаға қатысушылар күн сайын командалық түрлі жаттығуларға қатысады,қоғамдағы жеке рөлдің мәнін түсінеді, қаладағы құндылықтардың маңызы және болашақ туралы пікір таластырады. Мұнда экологиялық мәдениет пен жастардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде», - дейді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Кәжденбек.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, әр қатысушының рухани өсуі, көшбасшылық қасиеттерді игеруі олардың алдағы болашағына тың серпін береді. Жастар жауапкершілікті өз мойнына алуға, болашақ туралы ойлануға, экологиялық таза әрі қауіпсіз қоғам құруға ұмтылады.