
Биыл екінші рет ұйымдастырылған бастама «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша іске асырылып отыр.
Биыл жобаға еліміздің әр өңірінен 20 жас қаламгер қатысып, шығармашылық шеберліктерін жетілдіруде. Бағдарлама барысында отандық және шетелдік қаламгерлер, сондай-ақ әдебиеттанушы ғалымдар дәріс оқып, тәжірибелерін бөлісуде.
Сонымен қатар әдеби шеберлік мектебіне ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де тартылып, қатысушыларға әдебиет пен ғылым тоғысындағы тың бағыттар бойынша толымды білім беруге үн қосқан.
Алдағы күндері жас қаламгерлер үшін Польша, Қырғызстан,Өзбекстан елдерінен келген ғалымдар мен әдебиеттанушылар дәріс жүргізетін болады.