
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Орал қаласының жаңадан салынып жатқан Ақжайық шағын ауданында 120 пәтерлік үй пайдалануға берілді.
Көрме • 27 Наурыз, 2025
Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығының көрме галереясында сюрреалист суретші Нұртай Жәрдемовтің «Қиял коды» атты дербес көрмесі өтіп жатыр.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында табылған дрондар туралы
2025 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Тасқала және Жәнібек аудандарында бірнеше рет ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды. Бұл аудандардың бәрі де Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан.
Дәстүр • 22 Наурыз, 2025
Ақжайық ауданында Наурыз-шеру өтті
Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында бүкілхалықтық сипат алды. Аудан орталығында өткен мерекелік шеруге халық көп жиналды.
Мереке • 22 Наурыз, 2025
Биылғы Наурыз мерекесі Орал қаласында ерекше сән-салтанатпен өтіп жатыр. Әсіресе қала көшелерінде, көпшілік орындарда ұлттық киім киген жандар көп.
Қоғам • 18 Наурыз, 2025
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, Мәдениет саласындағы стипендия иегері Меруерт Өтекешова «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында күн күрт жылынып, қар еріп, көктемгі су тасқынының қарбаласы басталды. Өңірде облыстық маңызы бар бір жолды, аудандық маңызы бар алты жолды су басып, қатынас уақытша тоқтады.
Мирас • 14 Наурыз, 2025
Яна Лұқпанова – Батыс Қазақстан облысының рәмізіне айналған алтын адам – Тақсай ханшайымын тапқан археолог. «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Яна Амангелдіқызын оқырманға жақынырақ таныстыруды жөн көрдік.
Мереке • 14 Наурыз, 2025
Бұрын наурыздың 14-і – елімідің батыс аймағына ғана тән көрісу күні еді. Сондай-ақ көршілес Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор және Өзбекстанның Қарақалпақстан өңірінде, Түрікменстанда тұратын қандастарымыз да осы күні Наурыз айы туды деп, «көрісу» салтын бастайтын.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2025
Өткізу бекеті қалай жаңартылады?
Биыл ақпанда Батыс Қазақстан аумағынан Ресейге өтетін «Сырым» өткізу бекеті уақытша жабылатыны туралы ақпарат тарады. Шыны керек, өлкедегі ең үлкен кеден бекетіндегі кідіріс талай адамды алаңдатып тастады. Өйткені Көлік министрлігі таратқан хабарда бекеттегі жаңарту жұмысы 16 айға созылатыны мәлімделген.