Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
266 материал табылды

Отбасы • 08 Ақпан, 2023

«Ырысты армиясының» сауапты ісі

Белгілі блогер, Оңтүстіктің тумасы Рысбала Икрамбай елуінші үйдің кілтін Шымкент қаласы Қазығұрт шағын ауданының тұрғыны, 8 баланың анасы Перизат Момынқұловаға табыс­тады. Жақында жарынан айырылған ол жалдамалы пәтерде тұрып келген. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған 36 жастағы келін­шек­ті қалың қазақ көшеде қалдырмады. Күйеуінің 40 күндік асын қайда өткіземін деп жүрген анаға Қазығұрт елді мекенінен баспана бұйырды.

Құқық • 06 Ақпан, 2023

Іс көп, судья аз

Өткен жылы Шымкент қаласында балаларға жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған 4 адамды химиялық жолмен кастрациялауға қатысты сот үкімі шыққан. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахидинов 2022 жылғы жұмыстарды қорытындылауға арналған брифингте мәлімдеді.

Білім • 01 Ақпан, 2023

Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі

Елімізде қай саланың да дамуына кедергісін келтіріп келе жатқан ең үлкен мәселе сыбайлас жемқорлық екені анық. Бұл «кесел» білім беру саласын да біраз былыққа батырғаны жасырын емес. Осы тұрғыдан келгенде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың тамырын қиятын түрлі тетіктер қолға алынып жатыр. Мәселен, білім саласында мектеп директорларын басқа білім ұясына басшылыққа ауыстыру тәжірибесі елімізде кейінгі бір-екі жылдың бедерінде қарқынды жүзеге асып келеді.

Медицина • 30 Қаңтар, 2023

Сәбиге жасалған күрделі операция

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруха­насының таратқан мәлі­метіне сәйкес қаңтар айы­ның басында аталған кли­никаға төрт айлық сәби жедел жәрдеммен жеткізілген. Ауруханаға шұғыл әкелуге сәбидің тоқтаусыз жөтелуі, ентігуі мен бойындағы жалпы әлсіздік белгілері себеп болған. Дәрігерлер ша­қа­лақтың кеуде қуысын рент­ген аппаратына түсі­ру арқылы оң жақ көкіре­гінде жарықтың барын анық­таған.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023

Қорқыныштың арты – қуаныш

Шымкент қаласында тұратын 6 баланың анасы – Нәзира Дүйсебаеваның баспанасы өртеніп, далада қалып қойған еді. «Көп түкірсе – көл» дегендей, ананың қайғысын көтеруге жанашыр жұрт жұмылып, жылу жинауға кіріскен. Халық көмегінің нәтижесінде баспана жалдап жан баққан көпбала­лы отбасының жеке үйге қолы жетті.

Әлем • 26 Қаңтар, 2023

Тәулік бірнеше секундқа қысқаруы мүмкін

Соңғы жылдары болған зілза­лалар мен жер сілкінісіндегі құ­былыстарды зерттеген қытай­лық ғалымдар біздің ғаламшардың ядро­сы айналу барысында өз осі­нен ауытқып бара жатқанын байқаған.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Қазақтілді мультфильмді қайтіп көбейтеміз?

Әр халықтың басты құндылықтарының ішінде дін, дәстүр, тіл бар. Әсіресе тіл мәселесі өте өзекті. Өйткені ол – ұлттың болашағы, тағдыры. Тілі жоқ халықты дербес, жеке ұлт деп әсте айта алмаймыз. Сондықтан қазақтың жер дауы, жесір дауына тіл дауын да қоссақ, артықтық этпес.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Көктей солған көкөніс

Аяз бен қар шымкенттік диқандарды да қып-қызыл шығынға батырып кетті. Көкөніс біткеннің көктей солғаны аздай, тобықтан аса жауған қалың қар жылыжай құрылымдарын да қиратып тынды. Бұған кім кінәлі? Жапа шеккен диқандардың ендігі жағдайы не болмақ?

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023

Тоқыма өнеркәсібін дамыту жолы

Алдағы уақытта Шымкентте өзбекстандық инвесторлармен бірлес­кен 4 ірі өндірістік кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл – керамикалық тақтайша, жұқа табақты мырышталған болат, инфузионды ерітінділер және тоқыма өндірісі. Осы ретте Ташкент қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумында қала әкімдігі тарапынан «Orient Ceramic», «Dentafill Plus» және «Alliance Textile» компанияларымен екіжақты меморандумға қол қойылды. Келешекте инвестициялық құны 192 млн долларды құрайтын бірлескен жобалар арқылы үшінші мегаполисте құрылыс, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындар құрылады.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023

Мәслихат алдындағы жаңа міндет

Шымкент қаласында Республикалық Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің отырысы өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағ­дар­ламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі барлық деңгейдегі мәсли­хат депутаттарының бірлескен үндеуін қолдау және іске асыру мәселесі сөз болды.