Спорт • 02 Тамыз, 2025
Грекия астанасы – Афинада жасөспірімдер (U-17) арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Жаңажол Қуанышбек бас жүлдені олжалады. Аса шиеленісті финалдық сайыста ол қырғыз Нұркерім Құмарбековты 8:7 есебімен еңсерді. Оған дейін Жаңажол Болгария, Молдова, Иран балуандарын жолынан ығыстырған еді. Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс, Шәміл Досбол (65 кг) мен Марлен Мейірбекұлы (71 кг) қола медаль иеленді.
Футбол • 02 Тамыз, 2025
«Астана» мен «Қайрат» – үшінші кезеңде
УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде өнер көрсеткен еліміздің қос командасы да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Өткен аптада әлемнің бірқатар мемлекетінде түрлі халықаралық турнирлер өтті. Сол бәсекелерде еліміздің белді теннисшілері де өнер көрсетті.
Олимпиада • 30 Шілде, 2025
Германияда XXXII жазғы Дүниежүзілік универсиада аяқталды. Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм, Берлин қалаларында өткен дүбірлі додада 150-ден аса мемлекеттен келген 8,5 мыңға тарта студенттер сайысқа түсіп, спорттың 18 түрінен 234 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Бокс • 30 Шілде, 2025
30 шілде – 12 тамыз аралығында Таиланд астанасы Бангкокта World Boxing ұйымының мұрындық болуымен жастар арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбірейді. Жарысқа 26 мемлекеттен 400-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысады.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (22-3) Әбу-Дабиде ұйымдастырылған UFC on ABC 9 турнирініңде перуалық Хосе Очоамен (8–2) күш сынасты. Бәсеке басынан аяғына дейін қандасымыздың басымдығымен өтті. Төрешілер бірауыздан біздің жігіттің мықтылығын мойындады. Жарыстың басты айқасында нидерландтық Ренье Де Риддер (20–2) Аустралияның арланы Роберт Уиттакерді (26–8) ұпай санымен ұтты.
Теннис • 26 Шілде, 2025
Президент кубогі сарапқа салынады
27 шілде мен 16 тамыз аралығында Астанада Президент кубогі жолындағы жарыстың жалауы он сегізінші мәрте желбірейді. Оған әлемнің, еліміздің бірқатар белді теннисшілері қатысады.
Жекпе-жек • 26 Шілде, 2025
Аса жеңіл салмақтағы қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс «The Ultimate Fighter 33» турнирінің тоғызыншы сериясының жартылай финалында күш сынасты.
Спорт • 25 Шілде, 2025
Грузияның Батуми қаласында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңесі өтті. Аталған жиында 10 ойыншыға гроссмейстер атағы берілді. Солардың қатарында біздің Бибісара Асаубаева да бар. Сөйтіп, 21 жастағы шахматшы осындай дәрежеге жеткен еліміздің екінші өкілі атанды. Оған дейін бұл белес Жансая Әбдумәлікке бағынған еді.
Теннис • 23 Шілде, 2025
Швейцарияның Гштаад қаласында ұйымдастырылған ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.