Футбол • 14 Ақпан, 2024
Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет жаңа маусым қарсаңында отандық клубтардың қатысуымен өтетін турнирге қомақты көлемде қаражат тігіледі.
Хоккей • 14 Ақпан, 2024
Әлемдік доданы өткізуге әзірміз
2028 жылы элиталық дивизиондағы командалар арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін. Жуырда отандастарымыз Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына (IIHF) осындай өтініш білдірді.
Ауыр атлетика • 13 Ақпан, 2024
Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста қос жүлдені олжалаған Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте үздіктер қатарына қосыла алмады.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Осыдан бірер апта бұрын ғана аралас жекпе-жектен Ресейдің АСА промоушенімен келісімшартқа отырған «Алаш Прайд» клубының мүшесі Бағдос Олжабай (15-4) Мәскеуде өзінің тұсаукесер кездесуін өткізді. «Джапинья» деген жанама есіммен танылған 31 жастағы бразилиялық Луис Лаурентино октагонға 42 рет шығып, соның алтауында ғана жеңілді. 31 бәсекеде ол айқын басымдық танытты. Бірақ сақа спортшыдан еш қаймықпаған қазақтың ұлы оны ұпай санымен ұтты.
Бокс • 13 Ақпан, 2024
Болгарияның бас шаһары Софияда бокстан «Странджа кубогі» өз мәресіне жетті. 28 мемлекеттен келген 178 былғары қолғап шеберінің қатысуымен өткен дәстүрлі турнирде Қазақстан құрама командасының мүшелері 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Өкінішке қарай, солардың тек үшеуіне ғана жүлде алу бақыты бұйырды.
Футбол • 13 Ақпан, 2024
Футболдан Африка кубогі аяқталды. Аталған жарыс Кот-д’Ивуардың Абиджан, Буаке, Корого, Сан-Педро және Ямусукуро қалаларында орналасқан алты стадионда өтті.
Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2024
Германияның Дрезден қаласында шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңдік сайысының шымылдығы түрілді.
Теннис • 12 Ақпан, 2024
Қазақстанның ең үздік теннисшісі, 2022 жылғы Уимблдонның жеңімпазы, 2023 жылғы Аустралияның ашық біріншілігінің финалисі 24 жастағы Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі жүлде қоры 922 573 долларды құраған жарыста керемет өнер көрсетіп, бас жүлдені олжалады.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2024
Жапонияның Хонсю аралығындағы Хатонохе қаласында конькиден жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр.
Бокс • 12 Ақпан, 2024
4-12 наурыз аралығында әйгілі суретші Джузеппе Босси, әнші Мина Анна Маццини және скрипкашы Уто Унидің кіндік қаны тамған Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Олимпия ойындарының лицензиялық турнирі өтеді.