Футбол • 12 Ақпан, 2024
Футболдан Қатарда өткен Азия кубогі жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Бас жүлде үшін тартыс Лусаилдағы «Лузаил Айконик» стадионында өтіп, алаң иелері Иордания құрамаымен шеберлік байқасты.
Спорт • 12 Ақпан, 2024
Наурыз айының басында Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қазақстанның 26 балуаны бақ сынайды.
Хоккей • 12 Ақпан, 2024
Осыдан берер күн бұрын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» буллит соғу барысында Санкт-Петербургтің СКА-сынан жеңілген еді.
Күрес • 11 Ақпан, 2024
Әлішерге әлем чемпионының әлі жетпеді
Астанадағы Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатын еркін күрес шеберлері қорытындылады. Екі күнге созылған бәсекелер өте шиеленісті өтті. Жанкүйерлердің дені 97 кг салмақтағы тартысты көруге айрықшы құштарлық танытты. Себебі бұл жерде басты фавориттер алматылық Ризабек Айтмұхан мен жамбылдық Ерғали Әлішер еді.
Футбол • 11 Ақпан, 2024
Ұлттар лигасының жеребесі тартылды
Парижде Ұлттар лигасының 2024-2025 жылдарғы маусымының жеребесі тартылды. Қазақстанның футболшылары В лигасында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларына қарсы ойнайды. Бұл бәсекелер 5 қазан мен 19 қараша аралығында өтеді.
Хоккей • 09 Ақпан, 2024
Бүгінде Беларусь астанасы Минскіде хоккейден жастар арасындағы «Болашақ кубогі» деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр.
Кәсіпқой бокс • 09 Ақпан, 2024
Екінші жартылай жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Сұлтан Зәуірбек кезекті жекпе-жегін 1 наурызда Ұлыбританияның Телфорд қаласында өткізеді.
Ауыр атлетика • 09 Ақпан, 2024
Осыдан бірер күн бұрын ғана ауыр атлетикадан Ташкентте шымылдығы түрілген Азия чемпионатында 67 кг салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс медальді иеленсе, кеше Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті.
Теннис • 08 Ақпан, 2024
Росариода теннистен өткен Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Аргентина мен Қазақстан құрамалары күш сынасты. Бұл бәсекеге корт қожайындары кіл мықтыларын қосты. Ал Александр Бублик, Александр Шевченко және Бейбіт Жұқаев сынды еліміздің ең мықты ойыншылары түрлі себептерге байланысты аталған жарысқа қатыса алмады.
Спорт • 08 Ақпан, 2024
Жерлестеріміздің жарқын жеңісі
Осы аптада әлемнің әр қиырында көптеген аса ірі халықаралық жарыстар өтті. Жерлестеріміздің жеңісті жолы жөнінде үзбей жариялап келеміз. Енді жақында ғана аяқталған және таяу күндері өтетін кейбір бәсекелерге қысқаша тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.