Жекпе-жек • 05 Наурыз, 2025

Сын сағатта сүрінді

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегасында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде тарихи сәттің куәсі болдық. Еліміздің өкілі тұңғыш рет әлемдегі ең белді промоушен ұйымдастырған жарыстың басты бәсе­кесінде өнер көрсетті.

Сын сағатта сүрінді

Біраз жылдан бері айшықты өнерімен өз жанкүйерлерін қуантып жүрген аса жеңіл сал­мақтағы Асу «Зұлпықар» Алмабаев сын сағатта білгенінен жаңылды. Лас-Вегаста 31 жастағы қазақ файтері португалиялық Манель «Жұлдызды жігіт» Капемен күш сынасты. Капе – көпті көрген көкжал. Оның осы спорт түрімен айналысып жүргеніне 13 жылға жу­ықтады. Кезінде KOC пен Rizin промоушендерінің алтын бел­беуін иеленген Анголаның тумасы барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, соның 21-інде жеңіске жетті. 18 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Осыдан үш жылдан аса уақыт бұрын, дәл осы шаһарда біздің Жалғас Жұмағұловты нокаутпен жеңді.

Қос саңлақтың айқасында Капенің басымдығы анық бай­қалды. Үшінші раунда ол Алмабаевтың көзін шұқып алды. Бірақ төреші «ештеңе болған жоқ» дегендей сыңай танытып, жекпе-жекті тоқтатқан жоқ. Пиреней түбегінен келген тарлан осы сәтті оңтайлы пайдаланып, қандасымызды төмпештей бастады. Араға төреші түсіп, бәсекені тоқтатты. Сөйтіп, «Жұл­дызды жігіт» жеңіске жетті. Қатарынан 17 кездесуді өз пай­дасына шешіп, сегіз жыл бойы ешкімге дес бермеген Асу бұл жолы жеңілгенін мойындады. Егер «Зұлпықар» осы бәсе­кеде басымдық танытқанда, чемпиондық атақ үшін айқасуы әбден мүмкін еді. Өкінішке қарай, Алмабаевқа ондай бақ бұйырмады.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15