
Саясат • 15 Қыркүйек, 2022
Шетелдік журналистер қызығушылығы жоғары
Сыртқы істер министрлігі «Жаңа Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» жетінші халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша Ұлыбритания, Грузия, Канада, Кувейт, Марокко, Түркия және Оңтүстік Кореяның БАҚ өкілдері үздік деп танылды.
Саясат • 15 Қыркүйек, 2022
Борышкерлерге жеңілдік қарастырылмақ
«Aq jol» партиясының мүшелері азаматтардың «Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және азаматтардың банкроттығы туралы» заң жобасын талқылады. Заң бойынша борышкер банкроттыққа ұшырағаннан кейін баспанасынан айырыла ма? Қайта несие ала ала ма? Ақжолдықтар осы секілді сауалдарды құзырлы органдарға жолдап, ұсыныстарын жеткізді.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022
Берік достық пен сенімді серіктестік
Бүгін Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Бұл COVID-19 пандемиясына байланысты үш жылдан бері елінен шықпаған Қытай көшбасшысының алғашқы шетелдік сапары болмақ. «Қазақстан үшін бұл елеулі оқиға және үлкен мәртебе», дейді сарапшылар. Сондай-ақ олардың айтуынша, қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тұрақты. Екі ел байланысының негізі экономикалық, дипломатиялық және достық сипатқа құрылған.
Елорда • 13 Қыркүйек, 2022
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында елордада бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұған арнайы заманауи этностық музыка жанрында ауқымды жоба әзірленген.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022
Мемлекеттік мүдде бәрінен жоғары
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматы қаласына жұмыс сапары барысында республикалық этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Этнос өкілдерімен басқосу барысында министр олардың мәселелерін тыңдап, пікір алмасты.
Саясат • 12 Қыркүйек, 2022
Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігі Жолдауда айтылған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалай жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімдеді. Бұл мақсатта құзырлы орган жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, мемлекеттік басқаруды жаңғырту секілді үш бағыт бойынша жоспар құрып, іске кіріскенін хабарлады.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022
Елордада көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris оқыту курсы басталды. Іс-шараға еліміздегі саяси құрылымдар, қоғамдық сектор мен Amanat партиясының белсенділері арасынан 30 қатысушы іріктеліп алынған.
Саясат • 07 Қыркүйек, 2022
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Достық үйінде ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына жиналғандар маңызды құжатта айтылған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын жүзеге асырудың тетіктерін ұсынды.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2022
Қазақстан-Қытай: Тұрақты қарым-қатынас үлгісі
Отандық және шетел сарапшылары екі елдің дипломатиялық, достық қарым-қатынасының қай деңгейде өрбіп жатқанын айтып, сын-қатерлеріне болжам жасады. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде әлем Украинадағы қақтығыстардан бастап Палестина мәселесінің шиеленісуі, Сириядағы жаңа әскери соққылардың салдарынан геосаяси дағдарысты бастан кешіріп, жекелеген санкциялардың кесірінен алауыздыққа тап болуда. Ал Қазақстан мен Қытай болса тұрақты байланыстың үлгісін көрсетіп отыр.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2022
Төрткүл дүние тілсіз жаумен күресіп жатыр
Биыл АҚШ, Еуропаның бірқатар елінде тіркелген орман өрттерінің саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Апаттың басты себебі – құрғақшылық. Демалыс күндері Қостанай облысы орманнан шыққан қызыл жалынмен күрессе, АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штаты да екі орманнан шыққан тілсіз жауды ауыздықтады.