
Әлем • 19 Сәуір, 2023
Ресей президенті Владимир Путин елінің «Сыртқы саясаттағы жаңа тұжырымдамасын» бекітті. Ол әлемдегі күрделі өзгеріске байланысты негізгі стратегиялық құжатты түзетуге тура келгенін айтады.
Әлем • 18 Сәуір, 2023
Қарақшыларды қапы қалдырған жігіт
Әлеуметтік желілерде АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматына қарақшылардың шабуыл жасағаны, ал отандасымыздың оларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алғаны түсірілген бейнежазба жарияланды. Оқиға желісін кейіпкер – Олжас Қаныбек Instagram парақшасында баяндады. Сыртқы істер министрлігі де осыған қатысты ресми мәлімет берді.
Елорда • 18 Сәуір, 2023
Елордада автокөлік өрті көбейген. Жыл басынан бері темір тұлпарды жалын шарпыған 80-нен астам оқиға тіркелген екен. Мамандар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тілсіз жаудан келген қауіп 58 пайызға артқанын айтып, дабыл қағып отыр. Осыған орай Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жедел рейдтерге шықты.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2023
Еліміз Ауғанстанда сауда үйін ашады
Ауғанстанға гуманитарлық көмектің кезекті легі жеткізілді. Оны Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Кабулға барған сапарында елдің билік өкілдеріне тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашуға келісті. Енді Талибан билігі елімізде өз дипломаттарын қабылдауды сұрап отыр.
Экономика • 17 Сәуір, 2023
Шығыс қақпасы: Кедендегі кептеліс азая ма?
Қазір елдің қай шекарасында болсын кедендік тексерісті күтіп, қаз-қатар тізілген көліктер тұрады. Әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қорғас» шекара бекетінде сағаттап кезекте тұрған жүк көліктері жүргізушілерінің шағымы орынды. Бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде қозғалса да, түбегейлі шешілмей келеді. Жақында екі елдің делегациясы «Қорғаста» қайта кездесті. Келіссөздердің нәтижесі қандай? Кедендік шекарадағы кептеліс қашан азаяды?
Қоғам • 14 Сәуір, 2023
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында әр жұма сайын өтетін «Даму күнінің» кезекті спикері тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаев болды.
Басылым • 11 Сәуір, 2023
Басқа басылымдардан: Орталық Азия сапары
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайында Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Бұл сапар барысында екі ел бірқатар маңызды келісімге келді.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2023
Осы жылы Сауд Арабиясының «Flynas» әуе компаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады. Әуе рейстер екі ел арасында тұрақты қатынамақ. Эр-Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Берік Арын «FlyNas» әуе компаниясының бас директоры Бандер Әл-Моханнамен кездесіп, келісімге келді.
Әскер • 10 Сәуір, 2023
Әскерге шақыру: Міндет пен мүмкіндік
Қазір әскерге өздігінен сұранатындар аз, тіпті жоқтың қасы десек те болады. Бозбалалардың көбі Отан алдындағы борышын өтегеннен гөрі, ерте еңбекке араласып, ақша табуды мақсат тұтады. Ата-аналары да қолдан келсе ұлдарын әскерге жібермеудің қамын жасап, балаларының бұл шешімін құптайды. Ал олар әскерден жалтарғаны үшін айыппұл төлейтінін біле ме? Тіпті азаматтық борышынан түбегейлі бас тартқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан хабардар ма? Осы орайда айыппұл мөлшері мен әкімшілік, қылмыстық жазаның жүгін саралап көрген едік.
Әлем • 09 Сәуір, 2023
Өткен аптада Финляндия ресми түрде НАТО құрамына енді. Осылайша ұйымның Брюссельдегі штаб-пәтерінде 31-мүшесінің жалауы көтерілді. Бұл іс-шараға Финляндия президенті Саули Ниинистё мен үкімет министрлері қатысты. Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг «Финляндияның ұйым қатарына қосылуы шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болды» деп мәлімдеді. Негізі Финляндиямен қатар Швеция да НАТО-ға өтуге өтініш берген еді.