Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
139 материал табылды

Қоғам • 06 Қараша, 2025

Қазақ тіліне құштар француз қызы

Кейінгі жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ тілін үйренгісі келетін шетел азаматтарының қатары көбейіп келеді. Әсіресе Еуропа, Түркия, Қытай және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқытатын арнайы орталықтар, онлайн курстар мен клубтар ашылып жатыр. АҚШ-тағы Джордж Вашингтон, Гарвард университеттері және Аризона жоғары оқу орындарында қазақ тілі бойынша арнайы бағдарламалар енгізілген.

Білім • 05 Қараша, 2025

Зерделі зерттеуші

Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы зерделі жас зерт­теуші­лердің жетістіктеріне тәнті боласыз. Солар­дың бірі – Қазақ ұлттық қыз­дар пе­даго­­ги­ка­­лық универ­­­­ситетінің оқытушысы, хи­мия сала­сынан PhD Мөлдір Әбдірайымова.

Архив • 04 Қараша, 2025

Аса құрметті Мұстафа...

Қазақ тарихында танымал спорт шебері ретінде аты қалған Мұстафа Өзтүрік­тің руханиятқа да жүрегі жақын болғаны шындық. Спорт саңлағы­ның тіршілігінде көптеген қаламгермен, өнер адамдарымен бірге жүр­гені хақында да жиі естиміз. Соның айғағындай, бүгінгі жазбамызда біз М.Өз­тү­рікке тарту етілген кітаптардағы қолтаңбалар туралы айтпақпыз. Бұл дерек­терді Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Түркия төрінен арнайы жіберді.

Әдебиет • 01 Қараша, 2025

«Талтүс» Америкаға да жетті

Зерделеп көрсек, музыка мен әдебиеттің үнсіз үйлесімі көптеген әдеби шығармада көрініс тапқан екен. Ондағы терең эмоцияларды қозғайтын бөлекше сезім, қоғамдағы мәселелерді қаз-қалпында суреттейтін ерекше күш те ақ қағаз бетінде сөйлегелі талай ғасырдың жүзі болыпты. 

Көрме • 30 Қазан, 2025

Франкфурттағы халықаралық кітап көрмесі

Шыны керек, адамзаттың осы күнгі жетіс­тіктері кітаппен тікелей байланыс­ты. Керек десеңіз, кейбір кітап әлемді өзгертуге тікелей себепкер болған. Мысалы, Гутенберг 1455 жылы басып шығарған алғашқы Библия адамзат тарихындағы баспа дәуірінің бас­тауына айналды. Ол кітап басу ісінде төңкеріс жасап, білім мен мәдениеттің таралуын жылдамдатты. Содан бері адам баласы тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірінде кітаптан құндылық тапты, үйренді, табысқа жетті. Бір сөзбен айтқанда, кітап өмірдің бір бөлшегіне айналды.

Әдебиет • 22 Қазан, 2025

«Ібіліс биі»: үміт пен адам тағыры

Жақында ғана Нобель сыйлығын қанжығалаған мажарстандық жазушы Ласло Краснахоркайдың әлемге танымал романы «Ібіліс биі» – әдебиет пен философияның үйлесімінен туған ерекше туынды. Автор бұл шығармасында белгілі бір би ырғағын еске түсіреді. Осы бір тұйық әрі беймә­лім құрылым романның ішкі әлемін, ондағы кейіпкерлер тағды­ры­ның мәнін айқындайды. Кейіпкерлер үміт қуған сайын күйзе­ліске көбірек түседі, қашқан сайын сол баяғы басталған жеріне қайта оралады. Қазақтың «дүние – дөңгелек» деген бір ауыз сөзінің қандай ғаламдық философияға айналғанын еске түсіріңіз.

Архив • 09 Қазан, 2025

Мұстафа Шоқайдың АҚШ-тағы кітапқа енген суреті

Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалық­паймыз. Мақсат – қилы кезең­де тарыдай шашылған қазақ­тың алыстағы дерек­терін елге жеткізу. Бірде Вашиң­тон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабат­тан тұратын дүкен бүкіл әлем­нің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің та­ри­хы мен тағдырынан сыр шер­те­тін кітаптар дестеленіп тұр.

Әдебиет • 08 Қазан, 2025

Биылғы Нобель әдебиет сыйлығын кім алады

9 қазан күні әлем жұртшылығы әдебиет саласындағы ең беделді марапат Нобель сыйлығының иегерінің есімін білмек. Бұл күнді жыл сайын әдебиетсүйер қауым асыға күтеді. Жеңімпаз 11 миллион швед кронын (шамамен 1,2 миллион АҚШ доллары) қалтасына салады, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 08 Қазан, 2025

Ғарыштық диалогтің жаңа алаңы

Біздің ғасыр ғылым мен техно­логияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыт­тардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арт­тыратын маңызды қадам.

Егемен Қазақстан • 01 Қазан, 2025

Болашақ журналистер – бас басылымда

Шыны керек, былайғы жұрт «төртінші би­лік» атаған журна­лис­тиканың рөлі қандай деген сауал алдымыз­дан жиі шығады. Цифр­ландыру, әлемдік ауқым, жеделдік, аудито­рия­мен байланыс сияқты құ­рылымдар да жаңарып барады. Ендігі жерде жур­налистер тек контент жасаушы ғана емес, медиаменеджер, ана­литик, фактчекер ре­тінде де өз міндетін ат­қаруы қажет екені күн тәртібіне еніп барады.

Яндекс.Метрика