Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2025

Халықаралық валюта қорында – Қазақстан күні

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық валюта қорының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан күні» атты ресми іс-шара өтті.

Халықаралық валюта қорында – Қазақстан күні

Іс-шараға Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының өкілдері, сондай-ақ Ва­шингтон қаласында тұратын отандас­тар қатысты. Салтанатты бөлігінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының серпінді қарқынына, оның жаһандық қаржы-экономикалық ынтымақтастық жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанына ерекше назар аударылды.

Құттықтау сөзді аталған қор­дың атқарушы директоры Патрик Лошевски Қазақстанның Қор қызметіне қосқан үлесін жо­ғары бағалап, алдағы өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарын атап өтті. Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов халықаралық қар­жы институттарымен ынтымақ­тастықтың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тұрғысындағы стратегиялық маңы­зын атап өтіп, еліміздің жаһан­дық экономикалық архитек­турадағы сенімді әрі жауапты әріптес ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.

Сонымен бірге Дүниежүзілік банк өкілі, Атқарушы директордың орынбасары Мариуш Круковский де пікір білдіріп, экономикалық өсуді және өңірлік дамуды көздейтін бірлескен бастамаларды кеңейту келешегіне тоқталды. Іс-шараның соңында қонақтар дәстүрлі қазақ дастарқанынан дәм татып, «Гүлдер» би ансамблінің өнерін тамашалап, домбырада орындалған классикалық күйлерді тыңдады.

Соңғы жаңалықтар