Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
297 материал табылды

Әдебиет • 17 Қараша, 2021

«Бақбақ». Кавабатаның соңғы демі

1972 жылы сәуір айының жексенбі күні түстен кейін жапонның әдебиет аталымы бойынша тұңғыш Нобель лауреаты Ясунари Кавабата жалға алған көпқабатты үйде өзіне қол жұмсады. Бұл берісі Жапония әдебиеті, әрісі әлем әдебиеті үшін ауыр трагедия еді. Қайғылы оқиғадан соң бірнеше сағаттан кейін есіктен газдың иісін сезген қызметші әйел полицияға хабар береді. Әп-сәттегі ауыр қаза жапондық әдеби ортаны ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүниені дүрліктірді.

Әдебиет • 12 Қараша, 2021

Дәуітәлінің дауысы

Өлеңнің аспаны – мәңгілік аспан. Бұл сөзді кесіп айтуымызға өлмес жырлар жазған ақындардың өлеңдері себепкер болды. Әдебиет айдыны сөз бен ойдың, терең философияның, тұңғиық сырдың мекені. Өлең ғұмырлы болмаса, ұлы Шекспирдің, Байронның, Гетенің жырларын ғасырлар үзігі бізге жеткізбес те еді. Демек, ойдың елшісі болған өлеңнің жүгі әрқашан ауыр һәм салмақты болғаны.

Руханият • 11 Қараша, 2021

Тарихи қисынсыз шындық та болмайды

Өмірдің өзін, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды ақ қағаз бетінде сөйлетіп,  оқырманға ой айтатын жазушылар қауымы ұлт руханияты үшін алтын көпір рөлін атқарып келеді. Олардың әр шығармасы өмірдің жолын, кешегісі мен бүгінін сипаттап бере алады. Жақында ғана «Бопай ханым» атты тарихи романы жарық көрген жазушы Мәди АЙЫМБЕТОВ бізге берген сұхбатында әдебиет туралы көзқарасын, шығармаларындағы кейіпкерлер образын кеңінен сөз етті.

Абай • 10 Қараша, 2021

«Абай жолының» әлемге сапары

Абайдан Аққозыға дейін 192 кейіпкері бар «Абай жолы» эпопеясын заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы жиырма жыл бойы жазып, оқырманға ұсынғанын жақсы білеміз. Келесі жылы осы еңбектің жарыққа шыққанына 80 жыл толады. Бір ғасырға жуық уақыт тек қазақ руханиятының аспанында ғана емес, өзге елдердің рухани көкжиегінде өмір сүрген роман мәңгілік оқылуға тиіс шығарма екені даусыз.

Өнер • 08 Қараша, 2021

Боб Дилан салған ән

Боб Дилан Нобель сыйлығын алғанда жұрттың көбі оны лайықсыз деп санады. Неге? Мұндай алыпқашпа сөзді оның шығармашылығынан бейхабар адамдар айтты деп есептер едік. 500-ге жуық ән жазып, 3000 рет концерт берген талант иесі тегін адам болмаса керек.

Әдебиет • 08 Қараша, 2021

Отыз жыл: әдеби өріс

Кешегі Кеңес Одағы келмеске кеткен соң, жұрттың көбі Жазушылар одағының әдебиетке еш керегі жоқ ұйым деген сияқты сөздер айтып жүрді. Одақ құрамынан шыққан өзге елдерде тарап кеткен бұл ұйымды біздің ел өз қалпында сақтап қалды. Сол дұрыс шешімнің нәтижесі бүгінде көптеген ірі әдеби жұмыстарға, іс-шараларға, өзге елдермен болған әдеби барыс-келістерге себепші болды. Егемен еліміздің дамуымен бірге әр сала өркендеп, дами түсті. Соның ішінде рухани құндылық саналатын әдебиеттің де отыз жылда жеткен биігі, бағындырған белесі аз емес.

Әдебиет • 03 Қараша, 2021

Қазақы мінез, «Бас» және Рахымжан Отарбаев

ХІХ ғасыр күллі адамзат тарихы үшін де, біздің қарт тарих үшін де күрделі һәм ауыр кезең болды. Ұлты үшін туып, жанын берген тұлғалардың көбі осы дәуірде өмір сүрді, артына мұра қалдырды. Бұл, әсіресе, біздің тарихымыз бен әдебиетіміз үшін маңызы жоғары уақыт еді. Ұлттық әдебиеттің бастауы да осы тұсқа тура келді. Небір ұлы туындылар дала төсінде, ой қағазына, көңіл шүңетіне жазылды, сосын бізге жетті. Санғасырлық салмақты сөздердің құдіреті уақыт өткен сайын құнын арттыра түспесе, кеміген жоқ.

Әдебиет • 01 Қараша, 2021

Нобель сыйлығы Алашқа қашан бұйырады?

Әр жылы Нобель сыйлығы берілер сәт таяған сайын «Қазақ жазушысы қашан Нобель сыйлығын алады?» деген ұлы сауал көкірегімізді тырнайды. Сосын, амалсыз келер күндерден үміт күтеміз. Нобель сыйлығы қазіргі әдебиеттің өлшемі бола алмайды деп мұрын шүйіруге тағы болмайды. Мысалы, жапон әдебиетін жарты әлемге танытқан осы Нобель сыйлығы еді.

Әдебиет • 26 Қазан, 2021

Дүбірден туған өлең

Осылай мақала жазып, толғануымызға классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың Борис Слуцкийден аударған «Мұқиттағы жылқы» деген аудармасы себеп болды. Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығының дені ең алдымен, өнерге сосын жылқыға тығыз байланысты. Қадау-қадау ғасырлардан бері жылқы түлігімен мұңдас, сырлас, тағдырлас болған қазақ халқының әні мен өлеңінің негізі де жылқы болғаны шындық.

Әдебиет • 22 Қазан, 2021

Классиктің кейіпкерлері

Шыны керек, Сайын Мұратбековтің әр шығармасы қазіргі қазақ прозасындағы қалам ұстап жүрген жазушыларға әсер етті, тіпті кейбірі еліктеп оқылымды шығармалар жазғысы да келді. Біздің әдебиетте қазақы өмірді айызын қандыра жазған қаламгерлердің ішінде табысты болғаны да Сайын Мұратбеков дер едім.