Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
297 материал табылды

Таным • 27 Қаңтар, 2022

Кітапханаға түскен бомба

Кітапхана. Осы бір сөзге қаншама тарих, уақыт, ұлылық пен өркениет сы­йып тұр. Аристотель мен әл-Фарабидің әлем ұстазы атануына, Шекспирден бас­тап Абайға дейінгі данышпандардың ұлы тұлғаға айналуына мектеп болған да осы кітапхана еді.

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022

Кафканың соңғы махаббаты

 «Оның қолы өте шебер еді. Ал өзіне құп жарасатын шашы қалың әрі қап-қара болатын. Алаулаған жүзінен оның тым мейірімді, ақ көңіл жан екені сезіліп тұрады. Дауысы актрисалардың үніндей тамылжып шығатын».  

Театр • 23 Қаңтар, 2022

Қазіргі драматургия: Үміт пен сенім

Көркем шығарма мен драматургия өзара егіз. Бірін-бірі толықтырып отырады. Әуелде сүбелі сөз арқылы оқырманға жеткен кей туындылар сахналанып, өз көрерменін тауып жатады. Бұл да қоғамның, мәдениеттің дамуына үлес қосатын фактордың бірі болмақ. Қазіргі қазақ драматургиясы туралы көп нәрсені айтуға болады.

Әдебиет • 31 Желтоқсан, 2021

Биыл ақын-жазушылар не жазып жатыр?

Жылдың ауысатын шағы кімді болса да ойландырмай қоймас. Зымырап бара жатқан уақытқа ілесу қолына қалам ұстаған шығармашыл қауымның ізгі арманы. Әр жылды сәтті аяқтап, келесі бір жаңа уақыттың кемесіне мінгенде етек-жеңімізді жинап, жүйелі жоспар жасауға құлшынамыз. Табыстың бір аты – бекем жоспар. Шабыттың шалқұйрығын қамшылаған ақын-жазушыларымыздың осы жылы оқырманға қандай тың туындылар ұсынатынын білу үшін өздерінен сұрап көрдік.

Әдебиет • 23 Желтоқсан, 2021

«Ұстараның жүзі»: соғыстан кейінгі қалжырау

Әрине, соғысты көрген жазушы соғыс туралы мөлдіретіп роман жаза алады. Оны бізге Сомерсет Моэм түсіндіріп берді. Соғыста не істегені үшін емес, өлмес романдары арқылы. Бала жасынан жетім өсіп, қатігез нағашысының қабағы жігерін мұқалта алмаған Сомерсет Моэмнің есімін бүгінде күллі ел біледі, оның шығармашылығы ағылшын және әлем әдебиетінде көп оқылатын санатқа кіргелі қашан?! Құдды Хемингуэй сияқты Бірінші дүниежүзілік соғыста Қызыл Крест қоғамында жұмыс істеген ол қаламынан шыққан әр туындысын өмірдегі шынайы оқиғалармен байланыстыра жазды. Соғыс біткен соң Үндістанға, Орталық Азияға, Тынық мұхитына сапар шеккен жазушының өмірден көргендері де аз емес еді.

Әдебиет • 23 Желтоқсан, 2021

Сәуле Самаева:«Таңғажайып дүниені» маған арнап еді

Қазақ әдебиетінде орны бөлек жазушы Қабдеш Жұмаділовтің арамыздан аттанғанына да бір жылға жуық уақыт болды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып, өмір бойы қаламын тастамаған жазушының артына қалдырған мол мұрасы туралы әдебиеттанушылар мен сыншылар көп жазды, насихаттады. Жазушымен жарты ғасырдан астам отасқан жары Сәуле Әукенқызы Самаева бізге қаламгермен қалай кездескені, оның мінез-құлқы, шығармашылық әлемі, бала тәрбиесі туралы айтып берген еді.

Қоғам • 23 Желтоқсан, 2021

Шам жарығындағы кездесу

Шымкент қаласында тұратын әде­биетші жастар өздері бірлесіп, ұлттық поэзияны насихаттайтын Şam атты шығармашылық орталық құрған еді. Аталған орталық 2016 жылдың 19 қа­ра­­­шасында Шымкент қаласында өз жұ­мы­сын бастаған.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021

Парижді сүйген Хемингуэй

Оның аппақ сақалы Санта Клаустың сақалына ұқсайды. Ол Дүниежүзілік  екі бірдей ұлы соғысты көріп, қан майданда қалам ұстаған жазушы.  Шығармасын кейде сау, кейде мас күйінде жазды. Бірақ бірде-бір туындысында оқырманын жалықтырған емес. Қалам мен қаруды серік еткен ол Танзанияда аңшылыққа шығып, мүйізтұмсықтарды аулады. Былғары қолғап киіп, бокс өнерімен айналысты. Тағдыр оны бірнеше ұшақ апатынан аман алып қалды. Ең маңыздысы, ол өлмес шығармалар жазып, адамзат тарихындағы ең керемет жазушыға айналды. Оның аты – Эрнест Хемингуэй. Оның тарпаң тағдыры әртүрлі қиындықтарға мойымай, соны жеңумен күресе алды. Бір сөзбен айтқанда, Эрнесттің қаламы оның өзінің мінезі сияқты тентек, ойы ол кезген ұлан-ғайыр алқапқа ұқсас ұшы-қиырсыз болды.

Әдебиет • 28 Қараша, 2021

«Қара пимадағы» қара бала

Қыс күндері жауған қалың қарды көрсем, ақын Ұлықбек Есдәулетовтің «Қара пимасы» есіме түседі, жай түспейді, күллі оқиғасымен көз алдыма келіп тізіле қалады. Анадайда «Пимамды менің қайтар» деп жылап тұрған қара бала елестейді. Мүмкін, бұл өміршең шығарманың мәңгілік қуаты шығар?! Мен осы «Қара пима» термесін алғаш рет тыңдағанда, аппақ күртік қарда етпеттеп жылап жатқан баланы жалғыздық деп пайымдадым. Әрине, сол да. Анасы қайтыс болды, әкесі теріс айналды, жанына жылу беретін қара пимасы араққа сатылды, енді ол жалғыздық емей немене?

Әдебиет • 25 Қараша, 2021

Аударма да ардың ісі

Ұлттық әдебиеттің дамуына ең алдымен төл шығармалар, сосын сапалы аударма туындылар көмек­те­сетіні шындық. Әлемдегі оқырманы көп үлкен әдебиет­тердің көбі осы үрдісті басынан өткізді. Әлем әдебиетінің бір бұтағы болған қазақ әдебиетінің де дамуы мен деңгейі туралы айтудан жалықпаймыз. Өйт­кені әдебиет – тарихтың, өмірдің айнасы. Сол айна­дан руханиятымыздың келбетін көре аламыз. Бүгінгі сөзімізде біз көркем аударманың жай-күйі туралы ой ортақ­тас­тырмақпыз. Бүгінгі дөңгелек үстелге ақын, аудар­машы Жүкел Хамай, көптеген қазақ шығармасын түрік ті­ліне аударған тәржіман Ашур Өздемір, аудармашы Кен­жебай Ахметов, парсы тілінен түпнұсқадан аударып жүрген Айнаш Қасым және Абылай Мауданов қатысты.