Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2701 материал табылды

Денсаулық • 25 Сәуір, 2025

Косметологияның қара нарығы заңды қатайтып, бақылауды күшейтуді талап етеді

Бүгінгі жұрт тапқан-таянғанының едәуір бөлігін сұлулық индустриясына салып жатыр. Осы орайда көпшілік қауымның косметология тек бет-жүзді әдемілеу емес, денсаулықпен тікелей байланысты мәселе екенін қатерлі жағдайға душар болғанда ғана түсінетіні өкінішті.

Алматы • 23 Сәуір, 2025

Алматы ауызсудан тарықпауға тиіс

Бүгінде агломерация есебінен халқы мен аумағы ұлғайған Алматының тозығы жеткен су құбырлары мен кәріз желілерін ауыстыру өзекті мәселеге айналып отыр. Мегаполисті ауызсумен қамту кешенді жұмыстарды талап етеді.

Медицина • 21 Сәуір, 2025

Алматылық травматологтар кейуананы қайта аяғына тұрғызды

Жуырда Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жасы жүзге жеткен Мария әжей кенеттен түскен еді. Үйінде абайсызда құлап қалған кейуанаға жедел жәрдем қызметі дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізгенде, сол жақ жамбасының сынғаны, нақтырақ айтқанда, сүйек бөліктерінің ығысуынан ауыр жарақат алғаны анықталған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 20 Сәуір, 2025

Таңбалау жүйесіне қатысатын шетелдік компаниялар Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады

Ендігі жерде таңбалау жүйесіне қатысатын шетелдік фармацевтикалық компаниялар Қазақстанға келмей-ақ ЖСН алатын болды. 

Алматы • 18 Сәуір, 2025

Көктөбе соқпақтары серуенге шақырады

Күн өткен сайын Алматының төрін­дегі Көктөбе көркейіп, биігіне көте­рілгендерді ғажайып сезімге бөлейтін танымал нысанға айналып келеді. Жақында ғана пайдалануға берілген, төбеге апаратын соны соқ­пақтар жұрттан оң ба­ғасын алып, бұл мекенде серуендеу бұрынғыдан да жайлы әрі мазмұнды бола түсті.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2025

Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалы форум» халықаралық жиыны аяқталды

Бүгін Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалы форум» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Денсаулық • 17 Сәуір, 2025

Қазақстанда 700-ге жуық бала гемофилия кеселімен туылған

  Бүгін Алматыда Дүниежүзілік гемофилия күніне орай өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде гемофилиямен туған 1 559 науқас тіркелгені, олардың 678-і – балалар екендігі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Денсаулық • 17 Сәуір, 2025

Ізгілік дәнін сепкен «Қамқорлық»

Бүгінде дамуы кешеуілдеген, психикалық саулығында кінәраты бар балалар көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Қазіргі міндетті скринингтік тексерулер бала денсаулығындағы ауытқушылықты дер кезінде анықтайды, соның нәтижесінде статистикалық көрсеткіш те жыл санап артып келеді.

Денсаулық • 15 Сәуір, 2025

Алматы онкологтары үлкендігі грейпфруттай ісікті алып тастады

Грейпфрут – көлемі баланың басынан да үлкен, ең ірі жемістің бірі екені белгілі. Егер адам ағзасында осындай ісік болса, оны алып тастайтын ота қандай күрделі болатындығын елестете беріңіз. Таяу күндері Алматы Онкологиялық орталығының хирургтары үлкендігі грейпфруттай қалқанша безі ісігін алып, жоғары технологиялық ота сәтімен атқарды, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 14 Сәуір, 2025

Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды

Елімізде 2022 жылдың 1 шілдесінен бері 307 миллионнан астам дәрі-дәрмектер таңбаланса, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық препараттарға міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін қаптамаларға 262 миллион Data Matrix белгілері салынды.