
Құрылғы тауға шыққандарды дәл тіркей отырып, жұрт көп баратын бағыттардағы туризм статистикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Құрылғы кез келген ауа райында жұмыс істейді және өзі-ақ автоматты түрде есептейді. Жиналған мәліметтер туристер санын талдау, навигация жүйесін жетілдіру мен таудағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында пайдаланылады.
Қазан айының соңына дейін осындай құрылғылар Қаныш Сәтбаев (Советов) пен Жастар шыңына орнатылған болатын.
Мұндай жүйелер тау туризмі дамыған Швейцария, Австрия, Жаңа Зеландия мен Норвегия сынды елдерде кеңінен қолданылады. Онда есепке алушы құрылғылар маусымдық жүктемені бақылап, туристер санын реттеуге, табиғи экожүйелерді сақтауға көмектеседі. Алматы да осы озық тәжірибені Іле Алатауының табиғи ерекшеліктеріне бейімдеп енгізіп отыр.
Туризм басқармасы саяхатшылардан орнатылған жабдыққа ұқыппен қарап, құрылғыға тиісуге боомайтынын ескертеді. Өйткені, бұл нақты статистикалық деректерді анықтау үшін қажет.