
Білім • 03 Сәуір, 2025
Мектеп тамағы: жаңа стандарт балаға дәрумен бола ала ма?
Өндірдей жайқалып өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы ішіп-жеп жүрген тамағына тікелей тәуелді екені айтпаса да түсінікті. Бүгінгінің баласы күні бойы сабақта, ата-анасы жұмыста жүретіндіктен, мектеп асханаларындағы азық-түліктің сапасы – ұлт саулығының келешегі екені белгілі.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Мегаполисте жастарға арналған мансап күндері басталды
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды. Осынау бастама – жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытып, әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесуді көздейді.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Алматыда ерекше балаларға арналған бейімдеу орталығы ашылды
«Қамқорлық» атты алғашқы бейімдеу және даму орталығы дамуында ауытқушылығы бар бүлдіршіндердің кеселін ерте бастан емдеп, оңалтуды көздейді.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Қоғамда қилы-қилы құндылық, түрлі-түрлі түсініктер өмір сүруі заңды. Конституцияда барлық азаматтың құқығы тең дегенімізбен, ортасынан орнын таба алмай, қоғамнан қағажу көретін адамдар да болады. Маргиналдылық деп ат қойып, айдар таққан бұл құбылыс біздің елімізде ғана емес, күллі әлемде өзекті тақырып.
Медицина • 20 Наурыз, 2025
«Мен естимін» жобасы 62 мың сәбиге мүмкіндік сыйлайды
Сурдологтардың мәліметіне сүйенсек, жыл сайын елімізде шыр етіп дүниеге келген 1400-ге жуық сәбидің құлағы нашар еститіні, тіпті кейбірі саңырау болып туғаны анықталып жатады. Бұған дейін жаңа туған сәбилердің құлағы қалай еститіні қолмен тексеріліп, тіркеліп келсе, бұл есту кемістігі анықталған балалардың одан арғы тағдырын қадағалау процесіне тікелей әсер ететін еді.
Медицина • 17 Наурыз, 2025
МӘМС арқылы денсаулықты қалай қалпына келтіруге болады?
Бүгінде медициналық оңалту – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі бағасы қымбат әрі өте өзекті қызметтің бірі десек те болады. Өйткені, оңалтудан өту – инсульт немесе жарақат алған, тізе, жамбас буындарын алмастырған, түрлі созылмалы ауруларға шалдыққан науқастар үшін ауадай қажет.
Сұхбат • 12 Наурыз, 2025
Баланы шектен тыс өбектеу әлсіз адамдарды көбейтеді
Суицид – әлем жұртшылығы үшін ең өзекті әлеуметтік және психологиялық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметіне сенсек, кейінгі жылдары елімізде өз-өзіне қол жұмсаушылардың саны өсіп келе жатқаны алаңдатады. Әсіресе әскери қызметкерлер мен сарбаздар арасындағы суицид пен ер-азаматтардың менталдық саулығы қашан да өзекті сипатқа ие. Осы жөніндегі сауалымызды Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар РАХМЕНШЕЕВКЕ қойған едік.
Медицина • 11 Наурыз, 2025
Инсульт алғандардың денсаулығын толық қалпына келтіруге бола ма
Ендігі жерде механикалық тромбоэкстракция әдісі арқылы кенеттен басталатын ми ұлпасы оның қабықшаларының зақымдалуынан мидағы қан айналымы бұзылып, миына қан құйылып немесе тамырлары тромбпен бітеліп қалған (инсульт) науқастың жағдайын толық қалпына келтіруге болады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 08 Наурыз, 2025
Әлемдік бәсекеде мәртебесі биік
Идеясын табандылықпен іске асырып, дәулеті әулетінен асып, экономиканың ілгері басуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектер баршылық. Қазір шағын және орта бизнестің 43%-ы әйелдерге тиесілі, олардың меншігіндегі кәсіпорындарда жүз мыңдаған адам жұмыс істейді.
Медицина • 07 Наурыз, 2025
«Феталды хирургия» бір жылда 32 нәрестенің өмірін сақтап қалды
Адамның ішінде жатқан адамға ота жасауға бола ма? Болады.Өз елімізде де фетальды медицинаның арқасында дүниеге дені сау сәбилер келе бастады. Мереке қарсаңында ерекше баспасөз мәслихаты өтіп, шешесінің құрсағында, дүниеге келмей жатып екі рет қатарынан операция жасалған Қадия мен Разия атты сәбилердің оқиғасы баяндалды.