
Жәдігер • 25 Сәуір, 2025
Мына сандық – өткен ғасырдың басында Меккеге барып қайтқан дүние. Оны Құлеке батырдың бір ұрпағы Бекмырза 1903–1904 жылдары қажылық сапарға барғанда заттарын салуға пайдаланған.
Айтыс • 15 Сәуір, 2025
Бес өнердің басын қосқан бірегей сайыс
Бұрын айтыс екі-үш жылда бір өтетін Қызылжарда соңғы бір ай шамасында екі бірдей республикалық деңгейдегі айтыс өтті. Мұның басты себебі, айтыстың жаңа форматпен – командалық айтыс түрінде өтуі. Наурыз мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысының командалары өзара күш сынасып, қызылжарлықтар сәл басымдықпен жеңіске жеткен еді. Енді өздері сияқты екінші турға өткен Астана қаласының командасымен жексенбі күні кезекті додаға шықты.
Тағзым • 12 Сәуір, 2025
«Оятуға бір Смағұл туу керек»...
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш тұлғасы, «Egemen Qazaqstan» газетінің іргетасындағы бас редактор Смағұл Сәдуақасұлының туғанына – 125 жыл. Осыған орай қайраткердің өсіп-өнген өңірінде түрлі мәдени іс-шара өтіп жатыр. Соның бірі С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ұлтын сүйген ұл» деген атпен ұйымдастырылды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2025
Қаз шаруашылығына арналған фестиваль
Петропавл қаласында «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» атты халықаралық фестиваль өтті. Іс-шараны «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай осы саяси ұйым Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Шаруашылық • 09 Сәуір, 2025
Облыста өткен көктемгі егіске дайындыққа арналған семинар-кеңесте егіс жұмыстарын дер кезінде әрі табысты аяқтау мәселесі сөз болды. Расында, көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы аяқтау – күзгі табыстың кепілі. Осы талапты ескерген мемлекет өз тарапынан диқандарды қолдауға жасалатын жұмыстарды қазір қызу жүргізіп жатыр. «Солтүстік» ӘКК және «ҚазАгроҚаржы» арқылы дер кезінде берілген 60 млрд теңге шаруаларға тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай, қосалқы бөлшек алуға мүмкіндік берді.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
Қызылжардың Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында белгілі балалар жазушысы, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайымның «Құс ұясы» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қоғам • 04 Сәуір, 2025
Оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы бойынша былтыр 7 мың квота бөлінген. Оған биыл Қарағанды, Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты 7 облыс қамтылып отыр.
Су тасқыны • 03 Сәуір, 2025
«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан филиалы бақылау бекеттерінің айтуына қарағанда, наурыздың аяғында Петропавл су қоймасындағы Есіл өзенінің деңгейі 52 см-ге көтерілген, Сергеев су қоймасындағы деңгей 3 см төмендеген. Сондай-ақ облыс орталығының іргесіндегі Борки, Долматов мекендерінде тиісінше 51, 59 см көтерілген.
Жәдігер • 03 Сәуір, 2025
Мал ұрлығына қарсы республикалық шаралар жүргізу барысында солтүстікқазақстандық пинкертондар қызық «олжаға» тап болды. Аққайың ауданындағы мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ауыл тұрғындарының бірінің қорасын тексергенде, үйілген шөп маясынан екі бірдей бердеңке табылған. Тұрғын оның бабасынан қалған раритеттік мұра екенін айтқан.
Тағзым • 02 Сәуір, 2025
Ғұлама ғалым, химик-металлург, прозашы, сыншы, аудармашы Ебіней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай Қызылжардың зиялы қауым өкілдері оның қала ортасындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханада «Е.Бөкетовтің бірегей мұрасы» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.