Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24258 материал табылды

Пікір • 24 Желтоқсан, 2021

Осының бәрі еркіндіктің арқасы

Тәуелсіздік жолын таңдап, жаңа қоғам құрғанымызға 30 жыл толыпты. Алғашқы сәтте болашағымыз түгілі күні ертең не боларын болжай алмай дағдарған кезіміз көп болғанын жасырудың жөні жоқ. Бірақ елдің бірлігі мен төзімі бәрін жеңіп шықты. Біз жас мемлекеттің тізгінін ұстаған қайраткерге сендік. Кешегі ғасырдың соңына дейін жарты әлемге билік жүргізген алып Одақтан біз секілді жаңа бөлініп шыққан мемлекеттердің біразы бірауызды бола алмай, үй ішінен үй тігіліп жатты. Ойындағысы осылайша оңай орындала қойғаны сыртқы күштердің де қолайына жаққаны анық.

Таным • 23 Желтоқсан, 2021

Өзбекстандағы тұңғыш елші

Қазақстанның Өзбекстандағы тұң­ғыш Төтенше және өкілетті ел­шісі Сайлау Батырша-ұлы туралы әңгімені әріден бастағым келіп отыр. Себебі бүкіл саналы ғұмырын дипломатия саласында өткізіп келе жатқан кәсіби тәжірибесі зор, білікті маман С.Батырша-ұлының Отан игілігі үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз.

Қаржы • 23 Желтоқсан, 2021

Дүрбелеңнің басы – қаржылық алаяқтық

Жыл соңына қарай зейнетақы қоры маңайынан шыққан дүрбелең оңай жолмен олжа іздегендердің оң жамбасына келгені анық. Себебі дәл осы кезде әуре-сарсаңға түскен жұрттың шарасыздығын ұтымды пайдаланған қаржы алаяқтары қалталарын біразы қалыңдатып алды. Аяқ астынан туындайтын осындай дүрбелең кезінде халықтың дені қарапайым қауіпсіздікті естен шығарып алып жатады.

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да қар көшкініне қарсы жасанды түсіру жұмыстары жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 23 Желтоқсан, 2021

Агроном планшеті

Отандық ғалымдар «Су тасқынын бол­жай­­­­тын планшет» қосымшасын жасап шы­­­ғарды. «Су тасқынын болжайтын план­­шет» агро­номдарға арналған көмекші құ­рал­ бол­мақ. Бұл туралы жуырда Білім және ғы­­­лым министрлігі хабарлаған болатын.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – мемлекеттік тілді дамытудың тиімді құралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан халқының рухани құндылықтарын дамытуға аса қарқынды серпін бергені көзі қарақты жұртшылыққа мәлім.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021

Тағылым тәрбиесі

Мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып отырып ерекше сезімге бөлендім. Жүрегім өзгеше бір әсердің құшағына еніп кете бар-ды. Бұған дейінгі өз хал-қадерімше оқып-тоқығаным, көргенім мен білгенімнің есігі кеңінен айқара ашылғандай күй кештім.

Пікір • 23 Желтоқсан, 2021

Мәңгілікке берілген сый

Биыл еліміз тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне көтеріліп, дамудың жаңа дәуіріне аяқ басты. Қайта жаңғырған Қазақ мемлекеті ғасырдың үштен бірін бағындырып, елдік тойын сән-салтанатымен атап өтуге кірісті. Мереке қарсаңында Ұлт көшбасшысы егемендігіміздің 30 жылдық кезеңіне талдау жасап, өткенге ой жүгіртіп, келешегімізге жауапты міндеттер жүктеген «Тәуелсіздік тағылымы» атты тәлімі мол, мазмұны терең мақала жариялады.

Президент • 23 Желтоқсан, 2021

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Өкімі жарияланды.

Әдебиет • 22 Желтоқсан, 2021

Алтын Ордадан жолданған мінәжат-хаттар

Бір кездері ғылым-білімнің кенiшi болған Алтын Ордадан озық ойлы ғалым-ғұламалармен қатар, өздерінің қайталанбас туындыларымен адамзат баласын тамсандырған ақын-шайырлар да шыққан. Мұның жарқын дәлелі – Алтын Орда билігі тұсында дүниеге келген әдеби жәдігерлер. Бұл дәуірде туралық пен пәктікті, имандылық пен ізгілікті жырлау басты орында тұрды. Кемелдікке жетелейтін даналық сөздерді оқыған халықтың жүрегінде иман нұры ұялап, ақиқатты тануға деген құштарлық пайда болды. Оқырманын кемелдікке жетелеген сондай шығармалардың бірі – Харезмидiң «Махаббатнамасы».