Білім • 31 Желтоқсан, 2021
Оқушылардың мобильді қосымшасы
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп оқушыларының сөзіне қарағанда, дәстүрлі білім беру тәжірибеге қарағанда теорияға көп жүгінеді. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында олар виртуалды шындық технологиясы негізінде Accessus (латын тілінде «қолжетімділік») мобильді қосымшасын дайындады.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
Қазақстан өз азаматтарын қорғаусыз қалдырмайды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімізбен қатар саяси-идеологиялық саладағы жеңістеріміз де көп болды. Әсіресе, ақпарат кеңістігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабы «Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді» тармағының жүзеге асырылу көрінісі немесе «біз өз адамдарымызға қамқорлық жасаймыз» ұраны мемлекеттік идеологияның маңызды бағытына айналып отыр.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Кері байланыста кемшілік болмауы тиіс
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық порталындағы мәліметтерге сәйкес жыл сайын мемлекеттік органдарға түсетін арыз-шағымдардың саны бойынша оң динамиканы байқауға болады. Осы орайда, мемлекеттік органдарға қайталана түсетін, жоғары тұрған лауазым иелеріне жолданатын арыз-шағымдар мәселесін шешу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының іске асыру басты міндеті деуге болады.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Қоғамымызда өткен мен бүгінді тең парықтай отырып, елдік пен мемлекетшілдіктің қадірін, қасиетін, маңызын түсіну үдерісі жүріп жатыр. Бұл – «судың да сұрауы бар» деген халық даналығының ел жаңаруындағы көрінісі. Өйткені буын ауысады, жаңашыл талап-тілек пайда болады. Тіпті осыдан он жыл бұрынғы тұжырым мен өлшем де өзгерісті талап етеді.
Тарих • 29 Желтоқсан, 2021
Дагеротиптегі Балғожа би: Ыбырай Алтынсариннің атасы туралы тың деректер
Ресей этнографиялық музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бір сырлы сурет сақтаулы. Мұражайшылар: «Қазақтардың топтық портреті. 1840 жылдардың соңы. Кат №22» деген шартты атаумен белгілеген көп жәдігердің бірі. Қағазға басылған емес, темір тақташаға химиялық әдіспен бедерленген көрікті топтың келбеті. Фото өнердің дагеротип деп аталатын тұңғыш жарық жазба мұрасының бірі саналатын туындыда қазақтың ығай мен сығайлары Петербург төрінде салтанат құра жайғасқан.
Әдебиет • 29 Желтоқсан, 2021
Жаздың соңы еді. 2018 жыл. Облыстар мен аудандарда тұратын жергілікті жазушылар топ-топ болып, көршілес өңірлерді аралағанбыз. Мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2021
Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапхана залында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, дала қоңырауы атанған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ауқымды конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 29 Желтоқсан, 2021
Сәбиімнің саулығы үшін вакцина салдырдым
Қазір екпенің саулыққа зәредей де зияны жоғын, қайта саулық үшін керек екенін екінің бірі біліп қалды ғой.
Президент • 29 Желтоқсан, 2021
Ресейге сапармен келуге шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Өткен жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтті. Ұлы ғұламаның осы мерейтойының біздер үшін ерекшелігі – Әл-Фарабиді әлем жұртшылығы толықтай қазақ жерінің, қазақ елінің тұлғасы ретінде толық қабылдауы. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев: «...Дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес капиталы болып саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр», деген болатын. Осы орайда Әл-Фараби есімі қазақ елі үшін ұлттық бренд болып табылады. Осындай ұлы тұлғаны қазақ еліне, қазақ жеріне жеткізген, биыл туғанына 115 жыл толып отырған ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов еді.