Пікір • 10 Қаңтар, 2022
Басты мақсат - антитеррорлық қимылды ерте аяқтау
Әу баста ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін шақыру туралы шешім шыққанда, мұны қоғамда әртүрлі қабылдады. «Өзіміздің күштік құрылымдардың мүмкіндігі жетпей ме?», «шетелдік көмекке жүгінудің қаншалықты негізі бар?» деген секілді көзқарастар туындады. Оның үстіне, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кейбіріне қатысты қоғамдағы пікір де шешімге күмәнмен қараушылар қатарын көбейткен.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022
Шаруаларға керегі - тұрақтылық
Елдегі қалыптасқан жағдайға бей-жай қарай алмайтын жанашыр азаматтар қалалар да, аудандар мен ауылдарда да жаппай тәртіпсіздіктерге, тонаушылық пен ұрлық-қарлық сияқты келеңсіздіктерге жол бермеу үшін еріктілер жасақтарын құра бастады.
Пікір • 10 Қаңтар, 2022
Тәуелсіздігімізге көлеңке түспегей!
Елдігімізді, бірлігімізді көрсететін күндерге тап болдық. Өкінішке қарай, теріс пиғылды, жауыз ниетті топтар сырттан, ақылы тайыз, өміріне риза емес, өзінің, ұрпағының болашағын ойламайтындар іштен еліміздің тыныштығын бұзып, халықты қайғыға ұшыратты.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі берекесіздікте Отан алдындағы борышын адал атқарып, бейбітшілік жолында қаза тапқан құқық қорғау органдары және күштік құрылым қызметкерлерінің, қарапайым тұрғындардың ерлігін ел есінде қалдырып, оған тағзым ету үшін осындай шешім қабылдады.
Пікір • 10 Қаңтар, 2022
Соңғы күннің оқиғалары – қарнымыздың ашқандығы мен қадіріміздің қашқандығының көрінісі. Сонымен бірге осы жағдайды пайдаланған тобырдың күш алуы деп баға беремін. Философия ғылымында қоғамның екі түрлі даму бағыты болады делінеді. Біріншісі, функционалды даму бағыты, екіншісі, конфликтологиялық даму жолы.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022
Елімізде орын алған жағдайдың қиындығына байланысты ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері шарасыздықтан шақырылды деп есептеймін.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2022
Қабылданған шаралар нәтижесін берері сөзсіз
Қымбатты жерлестер! Қадірменді ағайын! Соңғы күндері елімізде орын алған бүлікшілік пен лаңкестік іс-әрекеттер қарапайым халықтың қалыпты өмір тіршілігіне және әлеуметтік нысандар мен мекемелердің үздіксіз жұмыс жасауына айрықша нұқсан келтіріп отыр.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2022
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2022
10 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізілді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожол жобаларын іске асыру қорытындысын шығарды. Былтыр бұл салада ауқымды жұмыс жүргізілді.
Президент • 01 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауы
Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын! Міне, егемендік жылнамасының тағы бір маңызды белесіне жеттік. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылға қадам басамыз. Бұл – әрбір адам ерекше көңіл күймен қарсы алатын айрықша әсерлі сәт. Біз өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге жоспар жасаймыз.