Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Өткен жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтті. Ұлы ғұламаның осы мерейтойының біздер үшін ерекшелігі – Әл-Фарабиді әлем жұртшылығы толықтай қазақ жерінің, қазақ елінің тұлғасы ретінде толық қабылдауы. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев: «...Дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес капиталы болып саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр», деген болатын. Осы орайда Әл-Фараби есімі қазақ елі үшін ұлттық бренд болып табылады. Осындай ұлы тұлғаны қазақ еліне, қазақ жеріне жеткізген, биыл туғанына 115 жыл толып отырған ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов еді.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Бүгінде жастарымыздың кітап оқуға ықылассыздығы, жалпы қоғамдағы көркем әдебиетті тарату мен насихаттаудағы, оқу бағдарламаларындағы кемшіліктер туралы көп айтылады. Әрине, көркем шығарма мүлде оқылмайды деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бастауыш мектептен бастап жоғары деңгейдегі докторантураға дейінгі білім сатыларындағы әдебиет пәніне қатысты дәрістерде көркем әдеби туындылар оқылады да, оқытылады да. Мәселе – оқылу-оқылмауында емес, оның қалай оқытылуында болса керек.
Тарих • 28 Желтоқсан, 2021
Саяси қуғын-сүргін: Зерттеу мен зерделеу
Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның тамырлары 1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгiсiмен құрылған Манаш Қозыбаев бастаған «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының жүйелі, тыңғылықты жұмысынан бастау алады. Осы жылдан бастап отандық ғалымдарымыз 1920-1950 жылдар аралығындағы ашаршылық нәубеті мен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жалпыұлттық деңгейге көтерді, 90-жылдары «архив революциясы» басталды, көптеген ғылыми диссертациялар қорғалды.
Егемен Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021
Құрметті оқырман, міне, 2021 жылдың да соңғы күндеріне келіп қалдық. Енді бірер күнде күнтізбелік жаңа 2022 жыл есігімізден енеді.
Театр • 28 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік!.. Бүгінде Еуропаның дамыған елдерінің тарихы мен өткеніне көз жүгіртсеңіз, азаттықтың хақ жолында қыршынынан қиылған қаншама тағдырдың ерлігіне, қисапсыз төгілген қанды оқиғаларға тап боласыз. Тарихтың тартылмаған қайнар бұлағына тамсанасыз. Тау тұлғалар тағылымына тағзым етесіз. Бұл жол – адамзат тарихына ортақ жол.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Хат тасушының қадірін кетірмейік
Өткенді аңсағандық емес, көргеннің көңілге қонатынын айтқанның ағаттығы болмауы керек. Қанша жерден күл шашып, күңкілдесек те кеңес дәуірінде адамға деген бір жылы қамқорлық бар болатын. Біреуге айтқан сөзің өтетін. Барсаң мәселең шешілетін. Білім ісі – елдік делінген. Бүгінгідей ақылы деген атымен жоқ еді...
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Ұстаздығын қаламгерлікпен ұштастырған
Біз сүйсіне қалам тербеп отырған тұлғаның аты – Рахат, тегі – Наурызбаева. Он жеті жасымызда Алматы табыстырған біз алпыс жыл бойы аралас-құралас қана емес, рухани, сыралғы, риясыз доспыз. Биыл қос құрбы жетпістің жетеуіне келіп отырмыз. Досымның жетпістің жетеуіндегі жетістігі ерекше толқытты.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Қауіпсіздік қағидаларын барынша сақтау қажет
Жаңа жылдық іс-шараны мерекелеу кезеңінде республикада пиротехникалық бұйымдарды пайдалануда өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан жыл сайын орта есеппен оншақты өрт оқиғасы болады (2018 ж. – 4, 2019 ж. – 8, 2020 ж. – 15).
Білім • 27 Желтоқсан, 2021
Үздік студенттер ақы төленетін іс-тәжірибеден өтті
Еліміздің жоғары оқу орындарының 150-ден аса студенті «ҚазТрансОйл» АҚ-на ақы төленетін өндірістік тәжірибеден өтті. Осылайша, жетекші жоғары оқу орындарының үздік студенттері іріктелді. «ҚазТрансОйл» АҚ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен инженер-техникалық және мұнай-газ мамандықтары бойынша кадрларды даярлау жөніндегі жобаны 2019 жылы іске қосты, бірақ пандемия бастаманы іске асыруда кедергісін келтірді. Биыл компанияның кәсіпорындарында студенттік практика қайта жанданды.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2021
Көрнекті қаламгер құрметті депутат атанды
Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президенті сыйлығының лауреаты, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбайға «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің арнайы шешімімен «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.