Мәдениет • 19 Шілде, 2025
Семей кітапханасы – ұлт арыстарының аманаты
Көптен толғандырған осы ойды Абайдың туғанына 180 жыл толғанда барша зиялылар мен абайтанушыларға, қазақ жұртына айту парызым деп санадым. Сондай-ақ жетпіс жыл бойы мені ел мен жердің тарихына қанықтырған, жер мен елді жетектеп жүріп таныстырған Қабыш Кәрімқұлов, Жұмакүлбай Базарбаев, Сирақбай Досмағамбетов, Қабден Есеғарин, Бекен Исабаев, Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев, Шәкір Әбенов, Ниязбек Алдажаров, Серік Шабданов, Ғафиз Матаев, Мейрамбек Жанболатов, Бәтташ Сыдықов, Семей қаласының әр көшесі мен үйінің тарихын «Есіңде болсын» деп аманаттап қойып, ұзақ күндер бойы аралатып, тарихын түсіндіріп, келер жолы тағы да қайталап пысықтайтын Қайым Мұхамедханов, Тәңірберген Әміренов, Төкен Ибрагимовтердің тәлімі атадан қалған аманат сөздерді ойға оралтып, елдік борышты еске түсірді.
Заң • 19 Шілде, 2025
Той-томалаққа жиі ақша аударсақ, салық органдары назарына ілігеміз бе?
Заңгер Алмаз ОТАРОВТЫҢ жауабы: – Бүгінде цифрлық төлемдер – өмірдің ажырамас бөлігі. Әсіресе қазақ қоғамында той-томалақ, шілдехана, бесік той, сүндет той, құдалық, қонаққа бару сияқты дәстүрлі жиындарға байланысты ақша беру, аудару үйреншікті іс. Осындай кезде «Kaspi Gold» немесе басқа банк картасы арқылы туысқа, досқа ақша жіберіп жатамыз.
Тұлға • 19 Шілде, 2025
«Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарай өткені-ай...» деген Абайдың өлең-жоқтауымен сөз бастаймыз деп кім ойлаған. Шынымен-ақ ниеті ақ, көңілі таза, ел дегенде емешегі үзіліп тұратын алып жүрек иесі, сыршыл ақын, халық жазушысы, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың жұмаға қараған түні дүние салғаны – қазақ руханиятының орны толмас өкініші. Осы жұмада ұлт өнерінің көгінен бір жұлдыз ағып түсті де, қалың елдің қабырғасы қайысып қала берді.
Өнер • 18 Шілде, 2025
«Бейбарыс» – Мәскеу сахнасында
Алматының «Алатау» дәстүрлі өнер театры Мәскеу сахнасында ұлттық өнердің мерейін үстем етті. Аталған өнер театры А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінде «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» қойылымын сәтті сахналады. Көрермендер спектакльді зор ықыласпен тамашалап, ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті.
Тарих • 18 Шілде, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетін үзбей оқып жүргеніме тура 40 жылға жуық уақыт болыпты. Әлі күнге дейін әр санын мұқият оқып шығамын. Жеңістің 80 жылдығына орай жарияланған, Екінші дүниежүзілік соғысы жайлы жауынгер аталарымыздың ерлік-істері туралы мақалаларды оқып, атамды еске алып отырмын. Соғыстан оралмаған атам туралы терең білгім келіп, жылдар бойы ізденумен келемін.
Білім • 17 Шілде, 2025
Инженерлік сала және «Келешек мектептерінің» тәжірибесі
Қазіргі заман инженерлері – тек техниканы білетін мамандар ғана емес, олар – креативті ойлайтын, күрделі мәселелерді шешуге қабілетті, көпсалалы біліммен қаруланған тұлғалар. Дәл осы жаңа буын инженерлерін тәрбиелеуді мақсат еткен елімізде жаңашыл бағыттағы «Келешек мектептері» жүйесі белсенді дамып келеді. Бұл оқу орындары оқушыларды ерте жастан инженерлік ойлауға, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге баулиды.
Бизнес • 17 Шілде, 2025
Елімізге саяхаттау Қытай туристеріне бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. Туризм саласындағы ҚХР-дың жетекші digital-платформаларының бірі «Zowoyoo» Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесін Алматы қаласында ашты. Бұл туралы «Цифрлық Жібек жолы – 2025» халықаралық форумында жарияланды.
Әдебиет • 16 Шілде, 2025
Жазушы Сәбит Мұқанов делегациямен шетелде сапарлап, қала аралап жүреді. Задында өмір құбылыстарын көруге, білуге жаны құмар жазушы алаңдарлық жай көп-ақ. Айналаңның бәрі тосын, тосынның бәрі таңсық.
Руханият • 16 Шілде, 2025
Тұлға белесі: даярлық туралы ой-толғам
Міржақыптың мерейтойы жақындаған сайын осы айтулы кезеңге дайындық барысы әртүрлі деңгейде пысықталып, елдік сынның, ұлттық пайымның талаптары жіті сараланып, атқарылатын іс-шаралар барысы пысықталып жатқаны орынды. Бұрын алыстан естілетін той дүбірі күн өткен сайын нақ іргеге тақап қалғаны сезіліп, тіптен қамшы бастыра түсетіндей.
Заң • 16 Шілде, 2025
Сот төрелігінің тиімділігін арттыру міндеті
1 шілдеден бастап елімізде үш жаңа кассациялық сот жұмыс істей бастады. Бұл маңызды қадам сот жүйесі дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді және мемлекетіміздің сот төрелігін жүзеге асырудағы жоғары стандарттарға ұмтылысын көрсетеді. Реформа Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысында берген тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып, сот төрелігіне толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.