
Қазақстан • 14 Қараша, 2023
Бұл сауал көкірек көзі ашық азаматтарды алаңдатып-ақ тұр. Себебі шекара шебінде қалқан болып тұрған қаншама ауыл құрып барады. Еліміздің «солтүстік қақпасы» саналатын Қызылжар өңірінің алты ауданы көршілес Ресеймен шекаралас. Ақжар, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарындағы 93 ауыл шекара маңындағы елді мекендер санатына жатады. Даму әлеуеті бар елді мекендерді анықтау кезінде 8 789 тұрғыны бар 23 ауыл іріктеліп алынған. Қалған 70-інің болашағы бұлыңғыр деп ұйғарылыпты.
Сенат • 14 Қараша, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 16 қараша күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Зерде • 13 Қараша, 2023
Кенесарының тарихи рөлін зерделеген тарихшы-ғалым Елтоқ Ділмұхамедов туралы
Биыл көрнекті тарихшы Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедовтің туғанына 120 жыл толды. Тарихымызды тануда бірі білсе, бірі біле бермейтін, ел үшін атқарған орасан зор еңбегі бар ғалым осыдан 77 жыл бұрын «Кенесары – халық қаһарманы» деген тұжырым жасады. Бірақ осы үшін кеңестік саясаттың неше түрлі теперішін де көрді.
Қазақстан • 13 Қараша, 2023
Қазақстан мен Ресейдің «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты ХІХ Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Башқұртстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ильшат Фазрахмановпен екіжақты кездесу өткізді.
Пікір • 13 Қараша, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің 4, 16 тамыз күнгі сандарында «Әділдік жолы: бағыт пен бағдар», «Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеледі» деген екі мақалам жарық көрген еді. Мұнда біз еліміздегі көкейкесті мәселелерді қозғап, ой бөліскен едік.
Әлем • 13 Қараша, 2023
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Кения астанасы Найробиде өткен Халықаралық бітімгерлік дайындық орталықтары қауымдастығының (IAPTC) 27-конференциясына қатысты.
Пікір • 13 Қараша, 2023
Ет өндірісінде сыртқы шикізатқа мұқтаж емеспіз
Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық әріптестік форумы алғаш рет Омбы қаласында өтті. Дәстүрлі шара биыл Қостанай өңірінде ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 13 Қараша, 2023
Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры салынбақ. Жоба туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
Пікір • 13 Қараша, 2023
Бүгінде Қазақстан мен Ресей мемлекеті арасындағы қарым-қатынас – тек шекаралас екі елдің ұстанымы төңірегіндегі әңгіме емес, бүкіл әлем назар тіккен объективті мәселе. Бұл заңды да. Өйткені Қазақстан мен Ресей – Еуразиялық одақ сияқты ірі және ықпалды өңірлік бірлестіктің негізгі жүйе құраушы елдері.
Сараптама • 13 Қараша, 2023
«Орталық дәліздің» стратегиялық маңызы
Көпшілік «Орта дәліз» деп атап кеткен Транскаспий халықаралық көлік жолы – Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Түркия, сондай-ақ Шығыс Еуропа арқылы Еуропалық одақпен байланыстыратын теміржол контейнерлік жүк тасымалдау желісі. Бұл көпжақты даму жобасы саналады. Яғни Ресейдің санкцияға ұшыраған Транссібір бағытына балама, қысқа жол.