Қазақстан • 16 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған пилоттық жоба іске қосылды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмекке жүгіну бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған пилоттық жоба іске қосылды

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер туралы жаңа сауалнама» қызметін табу керек. Ашылған терезеде жәбірленушілер туралы барлық қажетті мәліметтер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үйдің және бүлінген мүліктің бар немесе жоқтығын, сондай-ақ залалдың сипаттамасын көрсету керек. Барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін сауалнамаға электронды қолтаңба арқылы қол қою қажет.

- «Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы оқиға болған ауданның жергілікті атқарушы органдарына өтініш беріледі, қаралған өтініштер негізінде зардап шеккен мүлікке бағалау жүргізіліп, қажетті қолдау көрсетіледі. Бағалау мониторингі фото және бейнежазбаларды қолдану арқылы жасалады, сонымен қатар FSM Social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксация жүргізіледі, деп түсіндірді министрлік өкілдері.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті